Армения мен Қырғызстаннан көлікті заңды түрде қалай жеткіземіз?

4760
0
Бөлісу:

Жеңіл автокөліктердің шет елдерден заңды әкелінгенін мемлекеттік кірістер органдарына хабарласып, білуге болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі уақытта халық Армениядан және Қырғызстаннан жеңіл автомобильдерді әкелу мүмкіндігіне белсенді қызушылық танытуда.
Осыған байланысты, Қырғызстанда 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде, Арменияда 2014 жылдың 10 қазанынан бастап 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде рәсімделген автокөліктер шетелдік тауар екенін естеріңізге салады.
Мұндай автокөліктерді Қазақстан Республикасына әкелу кезінде рәсімдеп, кедендік төлемдердін төлеу керек.
Қазақстанға Қырғызстаннан 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін және Арменияда 2014 жылдың 10 қазанына дейін рәсімделген автокөліктерді шектеусіз әкелуге болады.
Автокөліктерді сатып алу кезінде, азаматтарға аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің 8-800-080-6452, 70-14-81, 71-86-18 нөмірлеріне хабарласып, автомобильдердің заңды әкелінгенін және кедендік тазартудан өткендігін тексеруге кеңес береміз.

Асқар Ахметқазы

Бөлісу: