Дәрі-дәрмектің сапасыздығына кім жауап береді?

421
0
Бөлісу:

Өткен жылы дәріханалардан сатып алған сапасыз дәрі-дәрмектердің жанама әсер жайлы 3200 шағым түскен. Сол кезде ұлттық орталық елге кіргізілгелі тұрған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізілген. Содан кейбір тасымалдаушылар дәрі-дәрмектерін тіркеуден бас тартқан. Осыған байланысты ол өнімдер сапасыз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар деп танылып, Қазақстанның нарығына кіргізілмеген екен.

– Осы шағымдардың ізімен медициналық препараттар толығымен тәркіленді. Бізге азаматтар әртүрлі жағдайлармен хабарласады. Шағым түскен медициналық препараттарды біз міндетті түрде зертханада тексереміз. Егер қабылдаған дәрілік заттарға байланысты қандай да бір шағымдар болса, біздің сайт арқылы ұлттық орталық қызметкерлерімен байланысқа шығуға болады, – деді Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын ұлттық сараптау орталығы бас директорының міндетін атқарушы Қанат Ержанов.

Айтуынша, денсаулық саласында цифрлық технологияларды енгізу міндеттемесіне сәйкес, 2018 жылы ұлттық орталық дәрі-дәрмектерге сараптама жүргізу үшін жасанды интеллектті қолдану бойынша пилоттық жобаны бастаған. Бұл қадам сараптама жүргізу уақытын едәуір қысқартады. Қазіргі уақытта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау жұмысын трансформациялау процесі басталып кеткен.

«Айкын» ақпарат

Бөлісу: