Әр балаға 20 мың теңге жәрдемақы беріле ме?

1245
0
Бөлісу:

Көпбалалы отбасылардағы әр балаға 20 мың теңгеден жәрдемақы төлеу мәселесі талқыланды. Қаржы министрі Қазақстанда көпбалалы отбасыларды қолдау туралы және балаға қарау жасын ұлғайту мен жәрдемақыларды көтеру жайында айтты.

– Бұл сұрақты жұмыс тобы қарастырып жатыр. Біріншіден, балаға жәрдемақы берілетін жасты ұзарту, яғни бір жастан жоғарылату. Екіншісі, жәрдемақының өзін көтеру мәселесі. Қажетті ұсыныстарды енгіземіз. Бұл әбден мүмкін және оны қарастырамыз. Бұл мәселе қарастырылып жатыр. Бүгін бір санды айтсақ, ертең ол өзгеруі мүмкін. Бұл жөн болмас, – деді Әлихан Смайылов.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: