Бес мәселені талқылады

357
0
Бөлісу:

Маңғыстау облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс ХХIХ конференциясы өтті. 

Оған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңе­сінің мүшелері, партия ардагер­лері, депутаттық фракция мү­шелері, жергілікті атқарушы орган басшылары, бастауыш пар­тия ұйымының төрағалары мен бұ­қаралық ақпарат құралдарының өкілдері және «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері қатысты.
Конференцияда күн тәрті­біндегі бес мәселе талқыланды. Атап айтқанда, «Нұр Отан» пар­тиясының 20 жылдығы». Жасам­паздық және әлеуметтік даму кезеңі» туралы, Елбасының «Қа­зақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы
5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы, партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау, партия Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы және «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне делегаттар сайлау.
Жиынды Маңғыстау облы­сының әкімі, облыстық партия филиалы төрағасы Ералы Тоғжанов ашты. Ол алдымен Елбасы Жолдауының аймақтағы іске асуына жан-жақты тоқталды. Конференция барысында жетек­ші партияның құрылған кезден бастап Қазақстан азаматтарының бастамалары мен күш-жігерін, еліміздің жауапкер­шілігі жоғары сая­си күштерін бір арнаға бағыт­тай отырып, қоғам­дағы көшбас­шы­­лық тізгінін нық ұстап келе жат­­қандығын ерекше атап өтті. Сон­дай-ақ, ол Елбасының өмір­шең идеяла­рының алтын арқа­уы – Қа­зақ­станды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу, «Мәңгілік ел» болу сияқты өмірлік маңызы зор жасампаздық бағыттарын жүзеге асыруға жұртшылықты жұмыл­дыруды партия міндетіне алғанын айтты.
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы және Саяси кеңес бюросының мүшесі Қайролла Ережепов күн тәртібіндегі бірінші мәселеге кеңінен тоқталды. Екінші мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев сөз сөйледі. Үшінші мәселе жайында «Ұлттық рух» қоғамдық қорының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңе­сінің мүшесі Аят Сүгірбай сөз алды. Ал төртінші мәселе бойын­ша «Нұр Отан» партиясы Маңғыс­тау облыстық филиалы төрағасы орынбасарының міндетін атқару­шы Звира Есбергенова сөйледі. Пар­тия ардагері Есберген Іңірбайұлы мен «Маң­ғыстау­мұнайгаз» партия ардагері Аманжол Қартбаев бағдарлама туралы ойларын ортаға салды.
– «Нұр Отан» партиясы, біздің Көшбасшымыз анықтаған стра­тегия шеңберінде елдің жетекші саяси күші ретінде, өзінің негізгі күш-жігерін Болашақ он жылға 10 негізгі мақсатын іске асыруға бағыттайды. Игілікті бастамалар Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында көрініс тауып келеді. Осы орайда партия еліміздегі жағдайды тұрақтан­дыруға, халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жолындағы Мемлекет басшысының алға қойған мін­деттерін орындауға зор үлес қосуда, – деді А.Қартбаев.
Шара соңында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне делегаттар сайланды. Делегаттар тізімімен «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы орынбаса­рының міндетін атқарушы Звира Есбергенова таныстырды. Ке­зектен тыс ХХIХ конферен­ция­сына ұсынылған мәселелер қа­ралып, тиісті қаулылар қабыл­данды.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу: