Кәсіпкерге кеңес

157
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Петропавлда қабылдау күнін өткізді. «Даму» қоры мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп өткізген шарада азаматтарға түсіндіру-насихаттау жұмысын жүргізді. Кәсіп бастаушы азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Мақсат – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдау көрсетудің тетіктері мен талаптары туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. 

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша азаматтарды қабылдау шарасына кәсіп ашып, бизнес бастаған кәсіп­керлер мен стартап жобаларға қаты­сып жүрген Солтүстік Қа­зақстан университетінің сту­денттері қатысты.
Олардың стартап жобаларын қолдау мақсатында өңірде атқары­лып жатқан жұмыстардың нәти­же­сі айтылды. Аймақта кәсіпті дамы­туды Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры бірлесіп жүзеге асыруда.
– Жас кәсіпкерлер бизнесте қаржыны тиімді кәдеге жарату, мемлекет тарапынан берілетін кәсіп иелерін қолдайтын бағдар­ламар туралы ақпарат алды. Себебі, кәсіпкерлерге ең қажетті мәлімет пен пайдалы кеңес, деректерді барлығы бірдей жете біле бермейді. Оның ішінде, орта және шағын биз­нес өкілдері, әсіресе, жас кәсіп­керлер пайдалы мәліметтер алды, – деді «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Рүстем Әлібеков.
Қабылдауда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында берілетін несиелер, қайта қаржыландыру, субсидия мәсе­лелері жөнінде ақыл-кеңес алуға келгендердің қарасы көп болды. Оның ішінде, ауылдық жерлерде шағын несие алуда «Даму» қоры­ның артықшылығы жан-жақты айтылды.
– Алыс аймақтарда өзін-өзі жұмыс­пен қамтып отырған аза­маттар, маусымдық кәсіппен айналысатын кәсіп иелері шағын бизнестен бастап, үлкен табыстарға жетіп жатыр. Әрине, бұл жерде кәсіпті бастау үшін қолдау көрсету, қаржылық сауаттылық туралы жан-жақты бағыт-бағдар беру өте маңызды. Үздік идеясымен өңірде пайдалы, табысты бизнес ашуға талпынған азаматтарды қолдауға әзірміз. Кәсіп ашсам деген әрбір азамат жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының бөлім­шесіне барып, тегін кеңес алуына болады. Олардың өтініші ХҚКО арқылы жұмыспен қамту орталы­ғына тікелей жолданады. Қағазбас­тылықпен уақыт жоғалтпайды. Кәсіп ашсам деген азаматтарды «Даму» қоры «Бизнес бастау» бағ­дарламасымен тегін оқытады. Курсты бітірген соң сертификат береді. Одан бөлек, «Дамудан»
6 пайызбен 5-7 жылға несие алуына мүмкіндік бар, – деп атап өтті кәсіп­керлікті қолдау орталығының жетекшісі Әсемгүл Ахметова.
Азаматтар бірыңғай қабылдау күні кәсібін жаңадан бастағалы жүрген облыс тұрғындары жеке бизнесті ашу, несиенің пайыздық өсімі, кәсіпкерлерге жер телімдерін бөлу және бизнес үшін несие алу мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, нақты жауап алды.
Майра БАҚЫТ

Бөлісу: