Елбасы жолдауын ел қолдайды

177
0
Бөлісу:

Есберген ІҢІРБАЙҰЛЫ,
Ақтау қаласының «Құрметті азаматы», партия ардагері:

– Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстандықтар­дың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жол­дауының аймақтағы іске асуына көңіліңіз тола ма?
– Менің өмірім, тыныс-тір­шілігім Ақтау қаласымен тығыз бай­ланысты. Елде атқарылып жат­қан барлық істерге көңілім тоқ. Өңір экономикасының негізгі саласы – мұнай өндірісі. Сондық­тан осы саланың даму қарқыны жоғары. Өн­дірістің өңір тұрғын­да­рының тұрмысы да жоғары болуы шарт. Елбасы Жолдауында: «Қазіргі «7–20–25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мем­лекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту» де­ген бо­латын. Осы мақсатта ай­мақта талай тыңғылықты дүние­лер іске асып жатыр.
– Бүгінгі конференцияда қандай мәселелер талқыланды?
– Бұл конференцияны мереке­лік шара десек те болғандай. Се­бебі, қоғам өмірінің көшбасын­да жүрген «Нұр Отан» партиясына
20 жыл толып отыр. Партиямыз қазір жаңа өрлеу кезеңіне қадам басты. ХVІІІ съезде қа­былданатын партияның жаңа бағдарламасында 2030 жылға дейінгі атқарылатын міндеттері­міздің кешенді ба­ғыттары бел­гіленген. Сол күні пар­тияның жар­ғы­сына да бір­қатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.
– Бұл өзгерістер қандай нәтиже береді?
– Облыстық партия кон­ферен­ция­сының қарауына ұсынылып отырған партия жарғысының 30-ға жуық бабы мен тармақ­та­рына енгізілетін өзгерістерді қол­дай­мын. Бұл өзгерістер Партия­мыздың ел ішіндегі беделін арт­ты­руға, партия мүшелерінің лауа­зымды қызметтерге меритократия жолымен баруына, өкілетті ор­гандарға сайлануына ықпал ете­тін баптармен толық­ты­рылмақ.
Жарғының бірқатар тар­мақ­тары елімізде соңғы жылдары қа­былданған «Сайлау туралы» конституциялық заңға, «Саяси партиялар туралы» және басқа да заңдарына сәйкес келтіру мақ­сатымен енгізіліп отыр.
Ұзақ жыл бойы партия фи­лиа­лында табысты еңбек еттіңіз. Партия ардагері ретінде қандай ой қосасыз?
– Рас, мен 20 жылға жуық об­лыстық филиалдың аппаратында жұмыс атқарып келдім. Осынау жылдар ішінде партиялық жұ­мыста жинақтаған тәжірибеме сүйене отырып, партия жарғы­сына енгізілгелі отырған өзгеріс­терге қатысты ойларымды біл­діргім келеді.
Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында да, партияның бағдарламалық құжаттарында да кәсіпкерлікті дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Облыстық филиалда кәсіпкерлікті қолдау жөнінде сараптамалық комиссия да бар. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау көрсетудің түрлі тетіктері жолға қойылған. Сондықтан не­гізгі басымдық кәсіпкерлікке бе­рілсе пайдасы молырақ болар еді.
– Сөз соңында партияның 20 жылдық мерейтойына тілегіңізді білсек?
– Бүгінгі мерекелі мезетте барша маңғыстаулықтарды, партия ардагерлерін, облыстық филиал есебіндегі 30 мыңға тарта партия мүшелерін, көшбасшы партиямыздың 20 жылдық мерей­тойымен құттықтап, баршаңызға берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, бақуат тұрмыс тілейміз. Барша бастама-талпыныстарымыз же­місті болып, туған жеріміз, сүйікті Отанымыз – тәуелсіз Қазақ елі гүлденіп, көркейе берсін!
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Әбілмансұр ЖАСАН

Бөлісу: