Арба апарып береді

389
0
Бөлісу:

Көшбасшы партия әр азаматтың мүмкіндігінше қоғам өміріне етене араласуына жағдай жасап, оларға қолдау көрсетуде белсенді жұмыстар атқарып жатыр. Бүгінде елдімекен тұрғындарының өтініштерін тыңдап, олар мұқтаж болып отырған жағдайлардың оң шешімін табуына көшпелі қабылдаудың ықпалы зор болып отыр.

Атырау облысы Қызылқоға аудандық «Нұр Отан» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов, аудандық жұмыспен қамту, әлеу­меттік бағдарламалар және аза­мат­тық хал актілерін тіркеу бөлі­мі­нің басшысы Б.Салықов, бөлі­мі­нің бас маманы Г.Өтеуғалиева­лар Көзі­ді­ғара ауылдық округінің орталығы Қоныстану ауылында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы ая­сында мүмкіндігі шек­теулі азамат­тарды қабылдады.
Қабылдауға Көзідіғара ауыл­дық округінің әкімі, «Көздіғара» бас­тауыш партия ұйымының төрағасы Б.Қабесов, дәрігерлік амбула­торияның дәрігері Ж.Қожах­ме­това­лар қатысты. Қабыл­дау ба­рысында Қоныстану, Қосқұлақ, Бүйрек ауылдарының жеті тұр­ғынының тұрғын үймен қамту, тегін дәрі-дәрмектің же­тіспеуі, жұмыспен қамту жөнін­дегі өті­ніштері тыңдалып, оларды шешу мәселесі бақылауға алынды.
Қабылдау соңында Қызылқоға аудандық партия филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары А.Аққайнанов, «Көздіғара» бастауыш партия ұйымының тө­рағасы Б.Қабесовпен бірге ар­наулы жүріп-тұру құралына мұқтаж Қо­ныстану ауылының тұрғындары С.Құлғалиева мен бала күннен бірінші топ мүгедектігімен қамқорлықта тұрған Н.Елтаевтардың шаңырағында бо­лып, оларға демеушілік жолмен алын­ған мүгедектерге арналған арба­ларды табыс етті.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

 

Бөлісу: