ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫНА КӨМЕК КӨБЕЙЕДІ

371
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-иннова­ция­лық даму басқармасымен өзара бірлесіп, «Бизнестің жол картасы – 2020» мем­ле­кеттік қолдауды алу мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» акциясын өткізді.

Мұнда жастарды түрлі тақы­рыптар төңірегіндегі сұрақтар бойынша «Нұр Отан» партия­сының Шымкент қалалық фи­лиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков қа­былдады. Ал жиналған жастар биыл өздеріне мемлекет тара­пынан қандай көмектер бола­тыны туралы сұрады.
Сонымен қатар жеңілдетілген несие алу бойынша сауалдар да қойылды. Бұған жуырда ғана Шым­кент қаласы әкімінің орын­басары Данат Жуминнің жастар жылына қолдау күшейе­тіні, осы бағытта 15 сәуірден бастап жас­тар кәсіпкерлігін қол­дау тетіктері іске асырыла бастайтыны туралы айтқан сөзі себеп болса керек. Данат Жумин бұл бағытта жастар кәсіпкерлігін қолдауда 1 пайыз­бен несие беретінін мәлімдеген болатын. Ал қоғамдық қабыл­дауда мұндай несие кімдерге және қандай бағытта кәсіп аша­мын деген жастарға берілетіні сөз болды.
Акция кезінде қабылдау­шы­лар азаматтарға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ете­тін мемлекеттік органдар, кәсіп­керлікті дамыту институт­та­рының өкілдері, екінші деңгейлі банктерге орта және шағын бизнес өкілдеріне тікелей шы­ғып, қажетті ақпаратты, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтарына қажетті жауаптар мен кеңестер алуға мүмкіндік жасалды.

Е.МҰРАТБЕК,
Шымкент қаласы

Бөлісу: