EXPО-ға дайындықпен танысты

261
0
Бөлісу:

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Біріккен Араб Әмірліктерінде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. БАӘ-ге Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің делегациясын бастап барған Гүлшара Әбдіқалықова осы елдің мемлекет қайраткерлерімен, азаматтық қоғам көшбасшыларымен кездесті.

Мемлекеттік хатшы Біріккен Араб Әмірліктері Әйелдер бас кеңесінің төрайымы шейха Фә­ти­ма бинт Мубаракпен кез­де­су­де екі ел әйелдерінің биз­нес қоғам­дас­тығы ынтымақ­тас­тығы­ның басымдықтарын, мемле­кеттік от­­басылық саясат­ты, ана мен ба­ланы қорғау, әйелдердің құ­қық­­тары мен мүмкіндіктерін ке­ңейту мәселелерін талқыға салды.
Содан кейін Г.Әбдіқалықова Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының төрағасы Мұхаммед Тани ар-Румейсимен жүздесті. Кездесу барысында тарап­тар елдеріміздің сауда-эконо­микалық және инвести­ция­лық байланыстарының дең­гейін одан ары арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарады.
Мемлекеттік хатшы Қазақ­стан-Әмірліктер бизнес саммиті кезінде қол қойылған «Ата­мекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңе­сі мен БАӘ Іскер әйелдер кеңесі арасындағы ынтымақтастық ту­ра­лы меморандумда екіжақты іскерлік байланысты әртарап­тан­­дыру, бизнес миссиялар алма­су, түрлі іскерлік іс-шараларға қатысу жөніндегі бірлескен нақ­ты қадамдар көзделгенін атап өтті.
Жұмыс сапарының соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова UN Women өкілдігінің директоры Моза әш-Шеххимен жүздесті. Кездесуде әйелдердің жағдайын жақсарту, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, гендерлік теңдікті ілгерілету мәселелері талқыланды.
Қазақстан делегациясы сон­дай-ақ Дубайдың «Ақыл-ой бір­лігі арқылы болашақты жасай­мыз» атты ЕХРО–2020 халықа­ра­лық көрмесіне дайындығымен танысты.

Бөлісу: