«МАХАМБЕТ» СЫЙЛЫҒЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

156
0
Бөлісу:

Атырауда Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны, күйші Махамбет Өтемісұлы атындағы республикалық сыйлық ақын мұраларын насихаттап жүрген, ақынға арналған көрнекті туындылардың иелеріне табыс етілді.

Салтанатты жиында сөз алып, марапат иелеріне медаль мен куә­лік­ті табыс еткен Атырау облысы әкі­мінің орынбасары Ә.Нәутиев Махамбеттің жан-жақты қырлары мен қайраткерлігіне тоқталып, оның шы­ғармаларын зерттеп, бүгінгі ұр­пақ­қа насихаттап жүрген әде­биет пен өнер майталмандарына алғы­сын білдірді.
«Көркем және дерек­ті фильм» аталымы бойынша «Махамбет» толықметрлі көркем фильмі үшін ақын, жазушы Олжас Сүлей­менов, фильм режиссері Сламбек Тәуе­кел, басты рөлді сомдаған танымал театр және кино актері Берік Айт­жа­­нов Махамбет сыйлығының ие­гері атанды.
Махамбет туралы алғашқы де­рек­ті фильм түсіріп, көрермен тара­пынан оң бағасын алған «Мін­гені Исатайдың Ақтабан-ай!» атты де­ректі фильмі үшін режиссер Аман­гелді Тәжібаев, «Махамбет» де­ректі фильмі үшін режиссер-ав­то­ры Жанабек Жетіруов марапат­тал­ды.
Салтанатты шарада сөз алған Олжас Омарұлы: «Ұлықбек Есдәу­лет­тің «Біз Махамбет пен Абайдан кейінгі екінші ақын­дармыз» деген жақсы сөзі бар. Қазақ ақындары, бәрі­міз екін­ші­міз!» – дей келе, жүрек­жарды тілегін арнады.
Махамбет атындағы сыйлық­ты «Саз» аталымы бойынша «Махам­бет» операсының қойылы­мы үшін Қазақстанның Халық артисі Ғафиз Есімов, Махамбет күйлерін наси­хат­тағаны үшін дүлдүл домбыра­шы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Айгүл Үлкенбаева, Махамбет күйле­рін нотаға түсіргені үшін Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері Айт­­­қали Жайымов, Махамбет күй­ле­рін оркестрге арнап нотаға түсір­гені үшін күйші, дирижер, компо­зи­тор Еркін Нұрымбетов иеленді.
«Архитектура» аталымы бойын­­­ша «Исатай – Махамбет» ескерт­кіш­тер кешенін салғаны үшін Халық­а­ра­лық сәулет акаде­миясының ака­де­мигі Саматбек Бөкебай мен архитектор Бақтыбай Тайталиев марапаталды.
Қазақстан Жазушылар одағы­ның ұсынысымен «Исатай-Ма­хам­бет көтерілісі» және «Ма­хам­­­бет» атты көркем туын­ды­лары үшін жазушы Әнес Сарай мен Қажығали Мұханбетқалиевке медаль мен куәлік табыс етілді. Жазушы, жур­налист, «Махам­бет кітапха­насы» сериясымен 20 том­дық кітап және «Махамбет елі» атты альбомды үш тілде дайындап, редакциясын басқарған Мереке Құлкенов Махамбет сыйлы­ғының иегері атанды. Сондай-ақ «Махам­бет» атты философиялық толғау кітабы үшін жазушы, журна­лист Ди­дар Амантай да батыр баба бей­несі бар медаль мен арнайы куәлікке ие болды.
Мәртебелі поэзия аталымы бойынша ақындар Ұлықбек Есдәу­лет, Ақұштап Бақтыгереева, Ғалым Жайлыбай, Светқали Нұржан, Рафаэль Ниязбеков, Жәркен Бө­деш, Әлия Дәулетбаева және Бақытгүл Бабашқа республикалық «Махамбет» атындағы арнайы сыйлық берілді.
«Ғылыми зерттеу» аталымы бойын­ша Махамбет Өтемісұлы тура­лы кандидаттық диссертация қорғаған, батыр-ақын туралы поэ­ти­калық туындылардың авторы, ақын Оңайгүл Тұржан, өнер зерт­теу­шісі, домбырашы, ұстаз Карима Сахарбаева, Махамбет туралы мақалалар топтамасы үшін журна­лист Тілекқабыл Боранғали­ұлы, Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобасының кеңсесі ұсынысымен ғалым, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік универ­ситетінің профессоры, академик Исатай Тай­ман­ұлы мен Махамбет Өтеміс­ұлы­­ның күрескерлік өмірін зерттеуге сіңірген еңбегі үшін Амангелді Шам­­ғонов респуб­ликалық «Ма­хам­­бет» сыйлығына ие болды.
«Көркемсурет» аталымы бойын­ша «Махамбет» атты графи­калық суреттер топтамасы үшін суретші Тілек Халин, ал «Насихат» аталымы бойынша облыстық ардагерлер ұжы­­мы ұсынысымен ардагер ұстаз Аталық Бейсен, «Қазақстан театр­лар ассоциа­циясы» ұсынысымен Махамбет шығармашылығын наси­хат­тау­дағы ұйымдастырушы­лық жемісті еңбегі үшін Махамбет атын­дағы академиялық қазақ дра­ма театры­ның директоры Берік Жәме­нов те осындай марапатқа ие болды.
Махамбет бабаны ұлықтау келешекте де жалғаса берері сөзсіз.
Бұған дүлдүл күйші Айгүл Үлкен­баеваның «Алғаш 1981 жылы республикалық жас орындаушылар конкурсында Махамбеттің «Қайран Нарын» күйін орындап, жүлделі бірін­ші орын алдым. Кейін ақын, ба­тыр бабамыздың «Жұмыр Қы­лыш», «Өкініш» атты күйлерін орын­дау арқылы репер­туарымды Махамбет күйлерімен толықтырып, қазіргі күні жастарға үйретудемін. Тыңдаған адамның рухын шиырып, намысын оятатын Махамбет күй­ле­рі ғасырдан ға­сырға жету үшін насихаттала бер­мек» деген пікіріне алып қосары­мыз жоқ.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

Бөлісу: