«Евгений Онегин» жаңаша тұжырымдамада ұсынылды

565
0
Бөлісу:

«Астана Опера» театры Петр Чайковскийдің «Евгений Онегин» шығар­масын елордалық тұрғын­дардың назарына ұсынды.

Премьерадан бір күн бұрын «Халық банк» қолдауының арқасында  журналистер мен блогерлерге ұйымдастырушылар қойылымның дайындығы мен алдын ала көрсе­тілімін тамашалауға мүмкін­дік сыйлады.
Сөз жоқ, «Астана Опера» – әлемдегі заманауи үлгідегі санаулы театрлардың бірі. Жеке спут­никтік байланысы барынан-ақ оның қанша­лық­ты озық екенін аңғаруға бола­ды. Құрылысы екі жарым жылға созылған театр 2013 жылы аяқ­талып, қазақ музыка­сының жау­һары – М.Төлебаевтың «Бір­жан-Сара» операсымен ашылған.
Бізге айналдырған екі сағаттың ішінде сахнадан тыс театр тіршілігі таныстырылды. 1250 орынды үл­кен зал мен 250 орынды камера­лық залдың қай тұсында отырсаң да орындаушылардың даусын анық ести аласыз. Демек, 500 тең­ге­лік билет пен 18 мың теңгеге алған орындардың айырмашылығы тек көріністе ғана.


– Сахна декоративі мен орындаушылардың киімі түгелдей театрдың өзінде дайындалады. Тігін цехы мен бутафорлық цехта жұмыс бір сәт те тоқтамайды, – дейді директордың қоғаммен байланыс бойынша ор Театрымыздың басшылығы «Евгений Онегин» операсының қоюшы режиссерлігіне ита­льян­дық Давиде Ливерморды шақыр­ғаны­на қуандым. Мықты маман бұған дейін «Турандот» операсын қой­ғанымен есімізде. Бұл жолы Давиде өзінің қызықты тұжы­рымдамасын ұсынды. Дири­жер ретінде мен үшін оның материал­мен жұмыс жасау кезінде партитураға, музыкаға сүйенетіні маңызды, – деді «Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаев.

П.Чайковский бір түннің ішінде «Евгений Онегин» опера­сының сценариін жазып шығып, музыка­сына кіріскен. Композитор либрет­тоны К.С.Шиловскиймен бірг­е әріптестік те жасаған. Өлең­мен жазыл­ған Пушкин рома­нынан ол тек пушкиндік кейіпкерлердің ішкі жан дүниесі мен жеке тағдыр­ларына байла­нысты тұстарын ғана алған.
– Қарапайым махаббат оқи­ға­сы шеңберінен алысқа өрби­тін шы­ғармада әдеп, ар-намыс және қоғам туралы баяндалады. Біздің қойылымымыз ХІХ ғасырды көр­се­­теді. Адами қарым-қаты­настар­ды арттырып, өткен заман­да бол­ған ұлы құнды­лық­тардың бүгінгі таңда да өмірімізде болуы мүмкін екендігін еске салу үшін сол дәуірге үлкен құрметпен қа­рай­­мыз. Се­бе­бі, олар біз жасай­тын таңдау ар­қылы өміріміздің сапасын анық­тай­ды, – деп атап өтті Давиде Ливер­мор.

Онегин рөлінде Талғат Мұса­баев пен ресейлік Алексей Исаев өнер көрсетті. Татьяна партиясын Галина Чеплакова мен Айгүл Ниязова орындады.

Асқар Беков

Бөлісу: