Ерлан Тұрғымбаев – Ішкі істер министрі

1351
0
Бөлісу:

Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі болып тағайындалды.  Ол осыған дейін Тұрғымбаев Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінде болған. 

Ерлан Тұрғымбаев – заң ғылымдарының кандидаты, полиция генерал-майоры.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылдан Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі болып бастаған.

1986 жылдан – Алматы қалалық ІІБ Алатау АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.

1993 жылдан – Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары.

1995 жылдан – Алматы қалалық ІІББ Калинин АІІБ бастығы.

1996 жылдан – Алматы қаласы Калинин ауданы бойынша МТК ББ бөлім бастығы.

ҚР Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы бас басқармасында Салық тергеулері басқармасының бастығы.

1997 жылдан – Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасының бастығы, Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІБ бастығы, Алматы қалалық ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.

2000 жылдан – ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы.

2002 жылдан – ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

2003 жылдан – СҚО ІІБ бастап 2006 жылдан – ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы.

2006 жылдың шілдесінен бері Алматы қаласының ІІД бастығы қызметтерін атқарған.

 

 

 

 

 

Бөлісу: