Поляктардың өз «Абайы» бар

173
0
Бөлісу:

Польшаның Свече қаласында «Абай» мәдени-білім беру орталығы ашылды. Жастар жылы аясында Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жастар орталығын ашу идеясы Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы тарапынан қолдау тапты.

– Орталықты ашудағы басты мақсат – әлемге қазақстандық мәдениеттің жетістіктері туралы білімдерді таныту болып табылады, – деп, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.

Оның айтуынша, қазіргі әлемдегі дамыған барлық елдерде мәдениет саласындағы саясаттың бірі – отандастарымыздың жетістіктерін насихаттау, Қазақстанның ребрендингімен айналысуы, басқа елдердегі оның имиджін көтеру мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Шығыс қазақстандық университетте Абайтанудың бай дәстүрі мен Қазақстанға танымал ғалым Айжан Қартаеваның ғылыми мектебі бар. Абай ақынның ойларына арналған абайтану бойынша конференциялар ұйымдастырылып, монографиялар мен ғылыми мақалалар жарияланып тұрады.

Сонымен қатар, орталық та, Польша университетімен қол қойылған келісім де екі дипломдық білім беруді қамтиды. Сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің академиялық алмасуы, біліктілікті жоғарылату мүмкіндіктері, ғылыми тағылымдамалар, екі университеттің ғалымдары бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру сынды үлкен мақсаттарды көздейді.

Поляк университетінде орталықты ашу үшін ғимарат бөлініп, оның көркемделуі үшін Қазақстан туралы поляк, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде кітаптар берілді. Сонымен қатар қазақстандық делегация орталықты мәдени құндылығы бар алғашқы жәдігерлермен, яғни, павлодарлық мүсінші Дәурен Дошановтың «Абай» мүсіні мен суретші Әлібек Шоқановтың «Абай» атты суреттерімен толықтырды.

Серіктес университеттің ректоры Эльжбетта Штернальға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген «Абай» атындағы медальды табыс етті.

Алдағы уақытта Поляк серіктестердің жауапты қадамы ретінде Өскемен қаласында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында атақты поляк ғалымы, әлемге әйгілі астроном Николай Коперниктың атындағы мәдени-білім беру орталығы ашылатын болады.

Ақбота Әлім

Бөлісу: