Діндарлар жемқорлыққа қарсы

115
0
Бөлісу:

Сыбайлас жемқорлық көріністері қоғамның прогрессивті дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан мемлекет пен барлық азаматтық қоғам институттары осы жағымсыз құбылысқа қарсы тұру үшін күш-жігерді біріктіруі керек. Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінде діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары кезінде заңнама бұзушылығын алдын алуға қатысты жиын өтті.

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға арналған кеңеске Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің мемлекеттік қызметшілері, ведомстволық ұйымдар, өңірлік дін істері басқармалары мен олардың орталықтары, діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, сонымен қатар, осы бағытта жұмыс жасайтын ҮЕҰ мүшелері, олардың ішінде «Терроризмге қарсы комитет», «Дінтанушылар конгресі», «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Арлан» жастар патриоттық орталығы», «Ұлағат» қоғамдық қоры және басқалары қатысты.

Қоғамдық даму вице-министрі Б.Арын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған заңдарды қатаң сақтау қажеттілігі жайына тоқталды. «Тек қана жеке командаларда ғана емес, тұтастай қоғамда құқық бұзушылықтарды жасайтын жағдайлар мен себептерді анықтай отырып, жоюға және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік атмосферасын құруы қажет» деді ол.

Семинарда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Бас прокуратураның, Қарағанды мен Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармаларының және Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасы, Қазақстандағы Православ және Католик шіркеулерінің өкілдері баяндама жасады.

Өз кезегінде, Діни қызметкерлер әрбір әлемдік және дәстүрлі дінде адамның өмірін реттейтін, оның этикалық стандарттарын көрсететін нұсқаулар бар екенін және де олар әртүрлі болса да, олардың жалпы мағынасы – жемқорлықтан бас тарту екенін атап көрсетті.

Жалпы семинар барысында қатысушылар негізгі тақырып бойынша ашық диалог жүргізіп, нәтижелі пікір алмасты.

Ақбота Әлім

Бөлісу: