Қазақтар мен ағылшындардың туыстығы жайлы

2374
0
Бөлісу:

(Англо-саксондардың айтылмаған тарихы)

Ағылшындардың тарихы англо-саксондықтар тарихымен етене байланысты. Ал, осы ағылшындардың қазақтарға туыстық қатысы бар болуы мүмкін бе? Әу дегеннен шындыққа жуыспайтын болып көрінгенімен, осы пайымдауға жетелейтін көптеген себептер бар. Оған, ең алдымен, ағылшындардың англо-саксон тайпаларының атымен байланысын айтуға болады. Сол англо-саксон атауы қаңлы-сақтар болуы ықтимал. Неге олай болмасқа? Англо-саксондар Британ аралдарын біздің дәуіріміздің V – VII ғасырларда жаулап алуы тарихи деректерде көрсетілген және ағылшынша Anglo-Saxons болып жазылады. Англо-саксондар англ мен саксон деген екі тайпаның атауы және олар германдықтар болып есептеледі де немісше Angelsachsen деп жазылады. Англ деген сөздегі «қ» әріпінің түсіп қалуын ескерсек, ол – Қаңлы дегенге келеді, ал саксон деген сөздің түбірі Сақ екені көрініп тұр.

Саксондардың сақтар болғанының дәлелі – б.д. XIX ғ. басында ағылшын тарихшысы Шэрон Төрнердің «Англо-саксондардың шығу тарихы» еңбегінде келтірілген деректер. Аталған кітапта Шэрон Төрнер антикалық заманның тарихшы, зерттеуші әрі ғұлама ғалымдары Птоломей, Страбон, Гомер, Геродот, Диодор және т.б. сілтеме жасай отырып, англо-саксондардың Кембрия түбегі мен оның айналасындағы аумақтардан келгенін және олардың Эльба мен Рейннің аралығында орналасқан саксондардың ұлы бірлестігінің бір бөлігі деп атап өтеді әрі олар туралы ең алғаш б.д. 141 жылына дейін өмір сүргені туралы дерек барын айтады. Ол англо-саксондардың қазіргі ағылшындардың арғы тегі екенін айта отырып, былай дейді:

«The early occupation of Europe by the Kimmerian and Keltic races, has been already displayed. The next stream of the barbaric tribes, whose progress formed the second great influx of population into Europe, where the Scythian, German, and Gothic tribes.  They also entered it out of Asia. It is of importance to recollect the fact of their primeval locality, because it corresponds with the circumstance, that Herodotus, besides the Scythia, which he places in Europe, mentions also an Eastern or Asiatic Scythia, beyond the Caspian and Iaxartes.»  Яғни: «Европаға киммерлік және кельт халықтарының көшуіне бұрынырақ тоқталған болатынбыз. Барбарлықтардың Европаға келесі легі ситзияндықтар (сақиялықтар; Σκύθης, Skythikē «қычайке» немесе «қайзайқ»), германдық және гот тайпаларынан тұрды. Олардың алғашқы мекен еткен жерлерін ұмытпаған абзал, себебі солай болғанда ғана біз Геродоттың Европада орналасқан Сақиямен бірге Каспий теңізі мен Сырдарья өзенінің ар жағында Шығыс немесе Азиялық Сақияның бар болғанына меңзегенін түсінеміз». Бұл жерде «барбарлық» деген гректің βάρβαρος – «басқа тілде сөйлейтіндер», ал латынша «шет елдіктер» деген мағынаны береді де, грек немесе латындықтардан (римдіктер) басқа халықтардың бәрін солай атағанын айтып өту керек. Кейін оның мағынасы «жабайы» немесе «християн емес» дегенді де білдіретін болған және кейбір деректерде солтүстік африкалық барбар немесе бербер тайпаларымен байланыстырады. Менің пікірімше, бұл сөздің төркіні – «балбал». Себебі, қазақтар балбалдарды ертеректе батырларға орнатқандығы және оларды әруақ деп тәу ететіні белгілі. Ал, ағылшынша соғыс – war (уор) болып аударылады және өз кезегінде соғыстың қазақша синонимі «ұрыс» (түбірі – ұр, ор, ұру, ору), сонда βάρβαρος «барбар» қазақша «балбал» немесе ағылшынша «warwar» сөдерінің грекше өзгерген түрі болып, «Әруақ (Арес) жауынгерлері» және ғермандар дегеніміз қазақтың Керейт немесер Герей рулары да болуын жоққа шығаруға болмайды. Себебі, Аlashainasy.kz  ақпараты атақты жазушы әрі зерттеуші Мұхтар Махауиннің «Шыңғыс хан» шығармасынан мынадай үзінді келтірген: «Керей – арыдағы Ұлы Ғұн мемлекеті, берідегі Ұлы Түрік қағанатының түп мекені, кейінде Татар Даласы атауымен мағлұм болған кең байтақ үстіртте ежелден қалыптасқан іргелі тайпалардың бірі. Ескілікті Қытайдың “Цзинь шу” – “Цзинь тарихында”, миләди 284 – 287 жылдар оқиғасын баяндау барысында Ғұн ұлысының ұйтқысы болып тұрған он тоғыз арыстың қатарында “хэлай”, “хэйлан” дейтін тайпа атауы таңбаланған. Керей (керейт) деп айғақтайды ХХ ғасырдағы қытай ғалымдары». 

Бұл айтылғанға қосарым, қытайлықтар «к»-ны «х» деп «р» әріпін «л» деп дыбыстайды. Осы жерде «қыр» сөзінің  ағылшын тіліне аудармасы – «hill» «хилл» екенін және ол  қытайшаға ұқсас оқылатынын тілге тиек еткенді жөн деп санаймын.  

Жалпы, «керейт» деген термин кер (қыр = тау)  + айыы итэҕэлэ (аспан тұрғындары немесе құдай) болатын сөздер тіркесінен құралып тұр.  Айыы немесе Аар Айы – «құдай» дегенді білдіретіні сақтардың (якут-сақа) аңызында бар дүние. Сонда Қырайт (Герей) – Геродот тарихнамасында көрсеткен «Тау Әміршісі» деген мағынаны беріп тұр.

Сонымен бірге Шэрон Төрнер Еуропаға келуші азиялық осы екінші ордасынан тек қана ағылшындар ғана емес, қазіргі заманғы Еуропаның басқа да халықтарының, оның ішінде англосакстар, лөулендтік шотландар, нормандар, дайлар (адайлар), норбектер, суедтер, ғермандар (герей), дутхықтар (дулаттар), белгілер, лаңбөрілер және фрәнктер тарайтынын, ал олар – бізге сақтар, ғермандар немесе годтар деген терминдерімен белгілі адамзаттың ұлы тектерінің ұрпақтары деп жазады.  Сол сақтардың алғашқы патшасы Тарғытай екенін әрі ол туралы Геродоттың тарихында барын да жасырмайды және олардың күнге, айға және Жер Анаға табынатынын жазған.

Ал енді сақтардың қалай саксон болғанын Шэрон Төрнер былай түсіндіреді: «The Saxons were a German or Teutonic, that is, a Gothic or Scythian tribe; and of the various Scythian nations which have been recorded, the Sakai, or Sacae, are the people from whom the descent of the Saxons may be inferred, with the least violation of probability. Sakai-suna, or the sons of the Sakai, abbreviated into Saksun, which is the same sound as Saxon, seems a reasonable etymology of the word Saxon.» Аудармасы: «Сакстар ғермандықтар немесе теутондар және готтар  болатын, яғни гот немесе ситзиян тайпалары; саксондардың сақтар ұрпағы болуына толық негіз бар. Сақай-суна, немесе сақтардың ұлдары деген сөз саксун болып қысқарып, саксон сөзімен пара-пар және сакс деген сөздің төресі болуына лайық көрінеді».

Өз жағымнан менің айтарым, ол ағылшынша «sun» (сун – /сан/) деген де сөздің бары, әрі ол «күн» деп аударылады. Бұндағы «сун» мен «күн» сөздерінің бір-біріне жақындықтарын ескерсек, онда Саксун – Сақкүн (күн патшасы) болып тәржімалануы керек. Римдік тарихшы Публиус Корнелиус Тачитус ғермандықтардың өз атауын Tungrian Таңриян деп атағаны жөнінде дерек те бар. Сонда олар Тәңіріліктер, яғни «Тәңіріге табынушылар» болғаны деуге болады.

Ал, англдар жайлы алғашқы мағлұматты Тачитус жазған болуы мүмкін дейді дереккөздер. Атап айтқанда, оның «Ғермания» деген еңбегінде англдар Anglii (англии) деп көрсетіліпті. Тачитус «англиилардың» шыққан жерін Ангелін түбегі деп әрі олардың Swabian  (суабандар)  тайпаларына жататынын жазыпты. Осы жерде ағылшын тіліндегі Уикипедия Юлий Цезардің «суабандарды» Alamanni Аламани (аламандар) деп атағанына сілтеме жасай отырып, ғерман тайпаларының конфедерациясының бір тобы екенін жазған. Осы айтылғандарға сүйене отырып, «англии» дегеніміз Қаңлылар, ал «суабан» – Суан және «аламан» – Албандар болып тұр деген ой түюге болады. Тек болмашы өзгерістерге ұшырағаны болмаса, аталған сөздер кейбір деректер бойынша б.д. дейінгі XIV ғасырда белгілі бола бастап, б.д. дейінгі II ғасырда Сырдария бойы мен Каспий маңында тарихи жәдігерлері табылып отырған қазақтарды құраушы тайпалардың бір бөлігінің атаулары екеніне шүбә болмауы тиіс.  Оған дәлел ретінде, тағы да Мұхтар Мағауиннің мағлұматын келтіруге болады (alashainasy.kz).: «Ежелгі тарихнаманың айтуынша, кейінгі керей (хэлянь, цюйлянь) – шынында да, көне ғұн жұртының тікелей ұрпағы. Бұл керей қаңлымен екеуі бір халық деп көрсетеді. «Батыстағы бөлігі қаңлы атанса, шығыстағы жұрты керей атанды», – дейді. Яғни арғы заманда бұлар Қаңғалы (Теле–Гаогүй) бірлестігінің құрамында болды деген сөз».

Қазіргі замандағы ағылшындардың тағы бір жақындығы, олардың консервативтілігінде, яғни олардың салт-дәстүрге беріктігінде. Осы қасиеттері, әсіресе, хан сарайының тұрғындарына тән; ханшайымға олар реверанс – сәлем салуын ерекше атап өтуге болады. Қандай жағдайда болмасын, патша сарайындағылар өздерінен жоғары санаттағыларға құрмет көрсетіп және өзара сыпайы сөйлеседі. Атқа мініп, иісшіл иттермен аңға шыққанды, еттен жасалған тағамдар мен шайды ұнатады.

Енді бір ортақ жағы олардың тілінде, өйткені оларда да ә, ғ, і, қ, ө, ү, ұ, ң, һ дыбыстары бар және көптеген сөздері қазақшаға ұқсайды. Мысалы:

ағыл-ша жазылуыағыл-ша айтылуыболжамды    түп нұсқақаз. жаз-ықаз. айт-ыаудармасыұқсастығы
aire(ə)r –aerайрэәауа, әуе, ая,                                                                                                 орта, атмосфера, үрлеу, желдету, тыныстау т.б.

 

әуе, ая, аяла, айыр, aйыру т.с.с.

 

angryæŋɡrɪanger, angr, ǫngr,  ǫng, angazaz,  ange  әнгриәңіриаңырап қалу, ашулану, ызалану, ызалану, ренжу, қызбалану, күйгелектік т.б.аңырау, еңіреу, ақыру, әңгір-таяқ, даңғаза
attackəˈtak

 

attaque, attaquer, attaccoаттақәтәкшабуыл, шабуылдау, тарпа бас салу, соққы беру, қысымға алу, ұстап қалуы (жүректің) т.б.атқылау, атып ұру, атқыр, атқұр, айтақтау, әтәт, әй тәк тұр т.с.с.
babebeɪbibabee, babiбәбебейби, бейбсәби, бөпе, бала, кішкентай, ботақан, балым, жаным, бикеш т.б.бөпе, бибі, биттей т.с.с.
bigbɪɡbig, bigge, buggeбигбік, бикбиік, үлкен, зәулім, маңызды, күшті, кең т.б.биік, биікке, буқа, бүк, бек т.с.с.
boss

 

bɔs baas, baes baswǭ

bās

basa

боссбосбасшы, басқарушы, бақылаушы, бұзау, бұзақы т.б.бас, бастық, бай, бажа, бұз т.с.с.
girlɡɜːlgerle, girle, gyrle, gyreleгірілгүелқыз, бикеш, биші, қызтеке т.б.гүл, керіл, ирелең, қызыл т.с.с.

Кестеден көріп отырғанымыздай, ағылшындар мен қазақтардың ортақ сөздері бар және бұл келтірілгендер тек азғантай топтамасы ғана.
Жоғарыдағы айтылған негіздемелер ағылшындар мен қазақтардың арасында байырғы заманнан туыстық, тіпті ағайындық жақындықтың барын айғақтайды деп есептеймін.

Әділбек Ишанбекұлы

Бөлісу:

Оқуға кеңес береміз