«Ростов» Зайнутдиновты Ресей чемпионатында ойната алатын болды

357
0
Бөлісу:

Футболдан Қазақстан құрамасы мен ресейлік «Ростовтың» жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Ресей премьер-лигасында ойнау мүмкіндігіне ие болды.

Ресейлік клубтың ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, маусым аралық үзіліс кезінде қатарына қазақстандық хавбекті қосқан клуб жаңа футболшыларды тіркеуге қатысты шектеуден босатылған.

Бұған дейін Ресей футбол федерациясы «Ростовтың» бұрынғы ойыншыларына жалақыны түгел төлемеуіне байланысты жаңа ойыншыларды чемпионатты ойнатпау туралы шектеу енгізген еді.

«Ростов» алғашқы ресми матчын 24 ақпан күні Ресей кубогының ширек финалы аясында өз алаңында «Краснодарға» қарсы өткізеді. Дәл осы ойынға дайындыққа байланысты клуб Зайнутдиновты ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындарына жібермей қойған еді. Осылайша, Бақтиер Молдоваға қарсы ойнайтын құрама матчына қатыса алмайды. Кеше футболшы жаңа клубы сапында алғашқы нәтижелі пас берді. («Ростов» — «Волеренга» — 1:1 (0:0) )«Ростов» қазір Испанияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: