«Эйр Астана» 5,3 млн доллар пайда тапты

286
0
Бөлісу:

Әуекомпанияның өткен жылғы таза пайдасы 5,3 млн АҚШ долларды құрады. Бұл туралы «Эйр Астана» әуекомпаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Әуекомпанияның жалпы табысы 10 пайыз өсіп, 840,8 млн АҚШ долларын құрады. Өткізу сыйымдылығы 5 пайыз, ал жалпы жолаушы тасқыны 3 пайызға артып, 4,3 млн адамды құрады. Астана және Алматы әужайлары арқылы транзиттік тасымал 48 пайызға ұлғайды. Бұл барлық халықаралық тасымалдың 40 пайызын құрайды. Пайдалану қызметі шығындары 14 пайызға өсті. Ол негізінен авиациялық отынның орташа құнының 27,5 пайызға қымбаттануына байланысты болды.
– Авиаотынның қымбаттауы мен ішкі және халықаралық нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі салдарынан 2018 жыл оңай болмады. Үстіміздегі жылы авиаотын 2018 жылғы маусымдағы ең жоғарғы құнымен салыстырғанда 16 пайызға арзандауы мүмкін. Сондай-ақ, FlyArystan бюджеттік бөлімшеміздің мамырда іске қосуын күтудеміз. Бюджеттік әуекомпания ішкі және аймақтық бағдарлардағы ұшуларға тамаша мүмкіндік береді. FlyArystan-ды қосуға қажет заңнамалық өзгерістерді қабылдағаннан кейін мүмкін болатын арзан тарифтер жолаушылардың көңілінен шығады деп ойлаймын, – дейді «Эйр Астана» президенті Питер Фостер.

«Айқын» ақпарат
Фото:  Елена Сергиенко

Бөлісу: