Жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

555
0
Бөлісу:

Партияның орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік осал топтарды қолдау» бағытына арналған комиссия отырысы өтті.

Жиынға партиялық куратор, Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина жетекшілік етті. Кездесу кезінде Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы Жолдауын іске асыру мақсатында «62-тармақты орындау үшін Жол картасын жүзеге асыру барысы» мүгедектер үшін «Кедергісі келешек» құру бойынша шараларды қабылдау, соның ішінде осы мәселені шешудегі қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.

Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина, қаңтар айында қоғамдық көліктің мониторингі бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтіп, рейдтер бірқатар жүйелік проблемаларды анықтағанын тілге тиек етті. Спикер сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау механизмі енгізілгенін айтты.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Алмаз Идрисов өзінің ведомствосы екі жол картасын бекіткенін хабарлады.

– Негізгі картада орталық және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне арналған іс-шаралар бар. Олар жүйелік мәселелерді шешуге бағытталған. Жаңа қондырғыларды жобалау және салу үшін қолданыстағы нормативтік-техникалық база мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүруіне қажетті ортаны құру бойынша барлық қажетті талаптарды қамтиды, – деді А.Идрисов.

Байнеконференцбайланыс арқылы өткен басқосуға ҚР Индустрия және жаңа инфроқұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,  Ұлттық экономика министрлігі,  Білім және ғылым министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, вице-министрлер мен лауазымды тұлғалар қатысып, жұмыспен қамту және әлеуметтік осал топтарды қолдау мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 

Әбілмансұр ЖАСАН

Бөлісу: