Кондоминиумды қалай тіркейді?

471
0
Бөлісу:

Партияның Орталық аппараты ғимаратында Мәжіліс депутаты Сапар Ахметовтың төрағалығымен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы – кондоминиумды тіркеу және басқару органын қалыптастыру мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.

Отырысқа партия хатшысы Илья Теренченко, Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және партия орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел Парламент мәжілісінде қаралып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының шеңберінде өтті.

Жиынның нәтижелері заң жобасы негізінде кондоминиумды тіркеу және басқару органын қалыптастыру бөлігінде нақты ұсыныстар мен ұтымды пікірлер айтылды. Бейнеконференция арқылы іс-шараға Алматы мен Түркістан облысы қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тариф саласында тәртіп орнату мақсатымен, батыл шаралар қабылдау керектігі атап көрсетілген болатын. Сондай-ақ Жолдауда коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтің жасалуы және тұтынушылардан жиналған қаржының жұмсалуының әлі күнге дейін ашық еместігі, монополистердің инвестициялық міндеттемелеріне тиімді мониторинг пен бақылау жүргізілмей отырғаны да айтылды.

Басқосу кезінде Мәжіліс депутаты С.Ахметов тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы бірқатар мәселелерге тоқталды.

– Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдық екенін ерекше атап өтті. Бұл орайда тұрғын үйлерге газ, су, жылу беру, көпқабатты үйлердің күтімі, аулалардың тазалығы секілді мәселелердің де маңызы өте зор. Біз бүгін сіздермен коммуналдық саладағы кәсіпорындар мен тұрғын үйлерді басқару органдарының қызметі, кондоминиум объектісін тіркеу, сондай-ақ тарифтерді орынсыз көтеруге жол бермеу және осы саладағы қызметкерлер жалақысын көбейту және өзге де маңызды мәселелерді талқылауды мақсат етіп отырмыз, – деді Сапар Қайратұлы.

Ол сонымен қатар жақын уақытта тарифтерді күрт көтерудің еш жөні жоқ екенін, ал басқарушы кондоминиумдер мен ПИК-терге қатысты басты мәселе – олардың толықтай тіркеуден өтіп, есепшоттар ашып,  қызметкерлеріне жалақыны заңды түрде төлеуі керегін жеткізді.

Жиында сондай-ақ тұрғын үйлерді басқару органдарының, әсіресе тұрғындар тарапынан жиі шағым түсетін кондоминиум мен ПИК-тер басшыларына сөз берілді. Олар көп жағдайда жұмыстың жүрмеуіне тұрғындармен арадағы түсініспеушілік, төлемдердің уақытылы жиналмауы қолбайлау болатын айта келе, кондоминиум нысанын тіркеу кондоминиумға қатысушының немесе меншіктенушілердің уәкілетті өкілдерінің өтініштері бойынша жүзеге асатынын тілге тиек етті.

Абылайхан ЖҰМАШ

 

Бөлісу: