КЕМЕЛ БОЛУДЫҢ КЕПІЛІ

593
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының XXIV кезектен тыс конференциясы өтіп, жиында партияның кезекті XVIII съезіне деле­гаттар сайланды. Конференция жұмысына партия Жамбыл облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Асқар Мырзахметов, қалалық және аудандық конференция жиында­рынан сайланған делегаттар, партия бел­сенділері мен депутаттар қатысты.

Елбасы Н.Назарбаев­тың «Қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының Жамбыл облысында іске асыру барысы туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков баяндама жасады.
«Мемлекет басшысы Жол­дауын­да: «Елде 3D принтинг, онлайн сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданы­латын және басқа да перспективалы сала­лар­ды дамыту керек» деп атап өткен бола­тын. Өткен жылдың аяғына дейін елімізде 8-16 жас аралығындағы оқушылар үшін 1000 мектепте ІТ сыныбы ашылып, онда жалпы саны 450 мың баланы оқыту жос­парланған болса, бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысында 14 ІТ сынып, 1 ІТ ли­цей ашылған. Бұндай игі шаралар алдағы уа­қытта да жалғасын табатын болады», – деді ол.
Күн тәртібіндегі екінші және үшінші мәселелер – «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы. Жасам­паздық және әлеуметтік даму кезеңі» және партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелері туралы партия облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов ай­тып берді. Ол өз сөзінде партия 20 жылдық тарихында елі­мізде атқа­рылған қыруар істердің басы-қа­сында болып, қалыптасу ке­зеңінде өзінің мықты құрылым­дары мен берік стратегиялық мақ­саттары арқасында еліміздегі ең беделді, ең ірі саяси күшке айнал­ғанын атап өтті. Сонымен қатар бұл бағдарлама келешектің кемел болуының кепілі болатынына үлкен сенім білдірді. Сондай БПҰ мен қалалық және облыстық филиал­дардың конференцияларында аталған бағдарлама кең талқыланып, облыс бойынша 100-ге жуық ұсыныс түскен. Мә­селен, жұмыссыздықты азайту мақса­тында елдімекендерде фабрика, кәсіпорындарды көптеп ашуға, ауылды жерлерде жастардың кәсіппен айналысуына жағдай жасауға ықпал ететін бағыттарды енгізу туралы бірқатар ұсыныс жасалған.
Ерқанат Нұрбапаұлы 27 ақпаны күні Астанада өтетін «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде бұл бағдарлама қабыл­данатынын айтып, аталған маңызды партиялық құжат алдағы таяу 10 жылда еліміздің түрлі салада қарыштап алға қадам басуына зор ықпал ететініне сенім білдірді. «Партия бағдарламасының жобасы – алдағы онжылдықтағы атқарар қызмет аясындағы өз мақсатын – әрбір қазақстан­дықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру мен елімізді жүйелі жаңғыртуға батыл ықпал етуге бағыттап отыр. Сонымен қатар партия бағдарламасы отбасыларды қол­дауға, ата-аналарға қаржылай көмек көрсету деңгейін арттыру мен көпбалалы отба­сыларға әлеуметтік қолдау жұмыстарын іске асыруға ықпал етуді басты басымдық қылып отыр», – деді ол.
Конференцияда «Нұр Отан» пар­тиясының кезекті ХVІІІ съезіне Жамбыл об­лысынан 70 делегат сайланды. Партияның кезекті съезінде – «Нұр Отанның» өткен 20 жылда атқарған нәтижелі жұмыс­тары сараланып, алдағы биік межелер айқын­далмақ.
Қайрат ШОТБАҚОВ, «Нұр Отан» партиясының ардагері:

ӨШПЕС ІЗ ҚАЛДЫРДЫ

– Бүгінде «Нұр Отан» партиясы – саяси көзқарасы қалыптасқан, стратегиялық бағыты айқындалған үлкен саяси күшке айналды. Жалпыхалықтың аса зор сеніміне ие болып отырған «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық тарихы ел тарихымен тығыз байланысты.
Осы 20 жыл ішінде «Нұр Отан» партиясы – еліміздегі ең ірі саяси күш ретінде қалыптасып, өзінің саяси бағытын толықтай айқындады. 20 жылда – партия өсті, өркендеді. Партия қатарына белсенді облыс жастары тартылды. Осы жылдары «Нұр Отан» партиясының штабтарынан көптеген ел азаматтары үлкен өмір мектебінен өтті. Енді міне, артқа бұрылып қарасақ, 20 жыл көзді ашып-жұмғанша өтіп кетіпті. Бірақ «Нұр Отан» партиясы осы 20 жылда артында өшпес із қалдырды. Тәуелсіз Қазақстанның барлық саласының қарқынды дамуына айрықша үлес қосты. Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясының ең басты мақсаты – көпұлтты Қазақстан халқын Елбасы саясатының маңына топтастырумен және қоғамда жүріп жатқан жаңғыру қызметіне тың серпін беруімен ерекшеленіп отыр. Бұл – өте үлкен әрі ауқымды жұмыс.
Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл облысы

Бөлісу: