Жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

288
0
Бөлісу:

Партияның орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік осал топтарды қолдау» бағытына арналған комиссия отырысы өтті.

Жиынға партиялық куратор, Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина жетекшілік етті. Кездесу кезінде Елбасы Н.Назарбаевтың
2018 жыл­дың 5 қазанындағы Жол­­дауын іске асыру мақсатында 62-тармақты орындау үшін Жол картасын жүзеге асыру барысы мүгедектер үшін «Кедергісіз ке­лешек» құру бойынша шараларды қабылдау, соның ішінде осы мәселені шешудегі қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.
Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина қаңтар айында қоғам­дық көліктің мониторингі бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтіп, рейдтер бірқатар жүйе­лік проблемаларды анықтағанын тілге тиек етті. Спикер, сондай-ақ 2018 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап Қазақстанда арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс беру­шілердің шығындарын субси­дия­лау механизмі енгізілгенін айтты.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ко­митеті төрағасының орынбасары Алмаз Идрисов өзінің ведомство­сы екі жол картасын бекіт­кенін хабарлады.
– Негізгі картада орталық және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне арналған іс-ша­ралар бар. Олар жүйелік мәселе­лерді шешуге бағытталған. Жаңа қондырғыларды жобалау және салу үшін қолданыстағы нор­ма­тивтік-техникалық база мүм­кін­дігі шектеулі адамдардың өмір сү­руіне қажетті ортаны құру бойын­­ша барлық қажетті талап­тар­ды қамтиды, – деді А.Идрисов.
Бейнеконференцбайланыс арқылы өткен басқосуға Индус­трия және инфрақұры­лым­дық даму, Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау, Ұлттық эко­номика, Білім және ғылым және Ден­сау­лық сақтау министр­ліктері мен «Атаме­кен» ұлттық кәсіп­керлер пала­тасының өкілдері, вице-ми­нистрлер мен лауазымды тұлғалар қатысып, жұмыспен қамту және әлеуметтік осал топ­тарды қолдау мәселелері бойын­ша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу: