ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМНЫҢ БЕЙНЕРОЛИГІН ДЫБЫСТАҒАН АДАМ ҰСТАЛДЫ

381
0
Бөлісу:

Сирияда «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының бейнеороликтерін ағылшын тілінде дыбыстаған Канада азаматы ұсталды. Бұл жөнінде The New York Times газеті хабарлады. 35 жастағы Мохаммед Халифаны коалиция әскері қаңтар айында қақпанға түсіргенімен, ол туралы ақпарат енді ғана жария болды.
Басылымның жазуынша, Халифа Сауд Арабияда туған, бала кезінде ата-анасымен Канада астанасы Торонтоға қоныс аударған. Болашақ жихадшы комьютерлік технология саласында білім алып, ақпараттық технологиялар саласында еңбек еткен.
Халифаның өзі айтқандай, ол алты жыл бұрын «Аль-Каида» экстремистік ұйымының лекцияларын тыңдай бастаған. Сосын «Ислам мемлекеті» ұйымына өту үшін Сирияға аттанады. Бастапқыда аудармашы болып жұмыс істейді, кейін бейнероликтерді дыбыстауға таспырма түседі.
Соңғы айларда Халифа роликтерді дыбыстауды доғарып, экстремистік ұйым қатарында соғыса бастаған. Ол ұсталғаннан кейін де бұл әрекеті үшін еш өкінбейтінін мәлімдеген.

Тұмар МЫРЗА

Бөлісу: