660,6 млрд теңге жинағы бар 1,3 млн салымшы пәтерден үмітті

2128
0
Бөлісу:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банк жүйесі бойынша 660,6 млрд теңге жинағы бар 1,3 млн салымшы тіркелген. Бұл туралы Үкімет үйінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек айтты.

Бұл салымшылар мемлекеттік қолдау шаралары есебінен баспаналы болуға ниетті «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының әлеуетті қатысушылары. 44,7 мың салымшының 195,9 млрд теңге жинағы бар (пәтер сомасынан 20% астам).
Өткен жылы банк 38,3 мың займ берді. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 47 пайызға артық. «2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң аясында 2019 жылға 28 млрд теңге бөлу қолдау тапты. Бюджеттік несие Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 20 жылға беріледі.
Ж. Қасымбек тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі баспана алудың ең тиімді құралдарының бірі екенін атап өтті. Салымшыларға берілетін займдар бастапқы жарнасы 20 пайызға дейін болған жағдайда 25 жылға 5 пайызбен беріледі.
Мәселен, құны 8,4 млн теңге болатын пәтердің (60 шаршы метр екі бөлмелі пәтер) ай сайынғы төлемі 60 мың теңгені құрайтын болады.
Бөлінген қаржы 3111 салымшының қолжетімді займ алуларына мүмкіндік береді. Бұл қаржы алдағы 15 жылда 3 рет айналымда болады, яғни тағы 6 мың салымшыға займ беріледі.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: