Басты бағдар – ғылымды дамыту

287
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарлама­сының «Білім беру» бағыты бойынша партиялық куратор, Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғановтың жетекшілігімен партияның орталық аппаратында жиын өтті. Талқылауға бейне байланыс арқылы еліміздің барлық аймақтары қатысып, күн тәртібінде Қазақстандағы ғылым саласының даму мәселелері талқыланды.

Елбасы 2018 жылдың қазан айын­дағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұр­мыс сапасын арттыру» атты Жо­л­дауында білім беру және ғылым сала­сына ерекше назар аударды. Үкіметке бюджет шығындарының приоритеттерін қайта қарастырып, әлеуметтік салаға ықпал жасауға тапсырма берді. Атап айтқанда, алдағы 5 жыл ішінде білім беру, ғы­лым және денсаулық сақтау сала­сына шығындарды жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу мақсаты қойылды.
Партиялық куратор Ә.Бектұр­ға­нов өз кезегінде жаңа техноло­гия­ларды, ғылымды дамыту мәсе­ле­леріне ерекше көңіл бөлу керек­тігін айтты.
– Жастар жылының салтанат­ты ашылу рәсімінде де Елбасы Үкі­метке жас ғалымдардың фун­да­мен­талды және қолданбалы зерт­теуіне бөлінетін гранттық қар­жы­ландыруды жыл сайын 3 млрд теңгеге арттыруды тапсыр­ды. Бүгінде «Нұр Отан» партиясы тарапынан да ғылым саласындағы мәселелерге көңіл бөлінуде. Осы­ған орай 2018 жылдың шілде айын­да партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев еліміздегі ғалымдармен кездесу өткізді. Сол жиында ғы­лым саласындағы заңнамаға өз­гер­ту­лер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар айтылып, нәтижесінде үлкен жұмыстар атқарылды, – деді Ә.Елікбайұлы.
Кездесу барысында ғылым саласын жетілдіруге байланысты түрлі ұсыныстар айтылып, білім саласындағы келелі мәселелер де талқыланды.
Басқосуда Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Мәжіліс депутаттары Ж.Нұрман­бето­ва және Н.Дулатбеков, Мем­ле­кеттік қызмет істері және жем­қор­лыққа қарсы агенттігінің де­пар­тамент директоры Д.Сабырбаев сөз сөйлеп, еліміздегі ғылым және білім саласының бүгінгі жағдайы туралы айтып өтті. Партия жаны­нан құрылған ғылым бойынша жұмыс тобының мүшесі Л.Құсайы­нова ғылым саласын жетілдіру бойынша жұмыс тобының ұсы­ныстары туралы баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсыныстар әзірледі.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу: