NS Радиосы жаңартылған сайтты іске қосты

1418
0
Бөлісу:

«NS» Радиосының www.ns.kz сайты көпшілікке түбегейлі жаңа сипатта ұсынылып отыр. Радионың жаңа ұраны – «Біз әуеннен жаралғанбыз».

Енді тыңдармандар сүйікті толқынына тәулік бойы online режимінде қосыла алады. Ресурс тетіктері ыңғайлы, ал дизайны ерекше және креативті бола түсті. Радионың жаңа плеері арқылы кез келген адам non stop режимінде өз талғамына сәйкес әуенді таңдай алады. Ыңғайлы болуы үшін интернет арқылы хабар тарату жеті онлайн станцияға: original, rock, jazz, lounge, қазақ әуендері, орыс тіліндегі хит әндер және шансонжанрларына бөлінген.

Аптаның ең үздік әуенін анықтауға мүмкіндік беретін дауыс беру жүйесі де іске қосылды. Нәтижесінде тыңдармандардың көңілінен шыққан 15 әннен музыкалық чарт құрылады. Сайттағы қызықты жаңашылдықтың бірі – «Басуға болмайды!» түймесі. Құрастырушылардың онда не жасырғанын көру үшін – www.ns.kz сайтына кіріңіз.

Бұдан бөлек, сайттан NS Радиосының 25 жылдық тарихын, радио жүргізушілерінің қызықты оқиғаларын, жобалар туралы толық ақпараттарды, сондай-ақ өткен және алдағы уақытта өтетін ұтыстар туралы білуге болады. Мұрағатта студияға келген танымал қонақтар туралы ақпараттар сақталған. Сонымен бірге, сұхбаттарды оқуға және тыңдауға мүмкіндік беретін және эксклюзивті суреттерді көруге болатын жаңа тетіктер пайда болды.

«NS» Радиосы iOS және Android үшін арнайы мобильді қосымшаны іске қосуды жоспарлап отыр.

«NS» Радиосы «НҰР-Медиа» холдингінің құрамына кіреді және қазақстандықкоммерциялық радиостанциялардың ішінде ірі 70 елді-мекенге тарайтын, техникалық қамту аймағы ең үлкен радио. Сонымен қатар, «НҰР-Медиа» холдингі «Астана» телеарнасын, «Orda FM»радиосын, республикалық «Айқын», «Литер», «Түркістан» газеттерін, және «Қазақстан Теміржолшысы» салалық басылымын өз құрамында біріктіріп отыр.

Бөлісу: