20 жастағы қазақстандық футболшы ресейлік клуб сапындағы алғашқы голын соқты

391
0
Бөлісу:

Ресейлік «Сочи» командасының сапына биыл ауысқан қазақстандық шабуылшы Акмаль Бақтияров жаңа клубындағы алғашқы голын соқты.

Ол саратовтық «Сокол» командасына қарсы ойында көзге түсті. 68 минутта алаңға тыңнан қосылған шабуылшы үшінші голды салып, қорытынды есепті бекіткен.

«Сочи» қазіргі таңда ФНЛ-да өнер көрсетеді және келер маусымда Ресей премьер-лигасына жолдама алудан үмітті. Команда қазір алтыншы сатыда келе жатыр.

Қазірге дейін Акмаль жаңа командасы сапында алты ойынға қатысып үлгерді. «Сочи» алғашқы ресми матчын 3 наурыз күні «Нижний Новгород» командасына қарсы өткізбек.

Былтыр Бақтияров алматылық «Қайрат» сапында ойнаған. Алайда үлкен шумен клубтан кетті. Одан кейін шабуылшы армениялық «Арцах» сапында ойнады.

Бөлісу: