Ұлттық құраманың жаңа капитаны тағайындалды

577
0
Бөлісу:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы санаулы сағаттардан соң Түркия жерінде Молдова құрамасына қарсы ойнайды. Осы орайда Михал Билек бірінші минуттан алаңға шығатын ойыншылар тізімін жариялаған.

Матч Астана уақытымен 22:00 де басталады. Қақпаны «Тобыл» қақпашысы Дмитрий Непогодов қорғаса, құраманы алаңға жаңа капитан Азат Нұрғалиев бастап шықпақ. Бұған дейін бұл міндетті Дмитрий Шомко атқарған.

Негізгі құрам: Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Сергей Малый («Ордабасы»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Дмитрий Шомко («Астана»), Юрий Перцух («Астана»), Азат Нұрғалиев («Тобыл»), Максим Федин («Тобыл»), Роман Муртазаев («Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»).

Бұл құрама бас бапкері Михал Билектің Қазақстан құрамасы тізгініндегі алғашқы матчы. Ойын ФИФА күнтізбесіне сай келмегендіктен, бейресми кездесу ретінде өтеді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: