ІТ мамандар бас қосты

238
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ғимаратында ІТ мектептер мен «Балаларға арналған тегін ІТ сыныптар» партиялық жобасының қатысушы­ларымен, сондай-ақ цифр­ландыру саласындағы отандық және халықаралық сарапшылармен кездесу өтті. Шараға бейнеконференция байланысы арқылы Қазақстан­ның барлық аймағы қатысты.

Басқосуда сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясының хатшысы Илья Теренченко және партияның Саяси басқару академиясы
дирек­то­рының орынбасары Сәуле Бақтым­бет іс-шараның мақсаты мен маңыздылығын ерекше атап өтті.
Кездесу кезінде АҚШ пен Үн­дістандағы жас қазақстандық ғалымдар Ә.Қожахметов пен А.Сүлейменов, «Сколково» Мәс­кеу менеджмент мектебінің сала­лық бағдарламасының жетек­шісі П.Билиенко, Халықаралық ақпа­рат­тық технологиялар уни­вер­си­тетінің ректоры Д.Шыныбеков, «Зерде» ұлттық инфокоммуни­кация холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары П.Коктышев, «Талап» қол­дан­балы зерттеулер орталығының ди­ректоры Рахым Ошақбаев және өзге де мамандар ІТ саласын да­мыту туралы ойларымен бөлісіп, оны дамытудағы тен­денция мен заманауи тәсілдерді талқылады.
Айта кетейік, бұл шара ІТ са­ла­сын оқытудағы жаңа тәсіл мен за­ма­науи бағдарламаларды мең­ге­руге және оқытудың нысан­дары мен әдістерін жетілдіруге, ақпарат­тық технология сала­сын­дағы жаңа цифрлық нүкте­лерді құрудың жаңа тәсілдерін пай­далану жайында ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Онлайн-конференция 17 бей­не байланыс арқылы Қазақстан­ның 17 өңірін байланыстырды. Шара соңында мамандықтардың барлық саласында цифрлық тех­нологияларды одан ары дамыту және қолдану, талап етілетін ІТ мамандарына арналған оқыту жүйесін құруға байланысты орын­ды пікірлер мен ұтымды ұсы­ныстар айтылды.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу: