Жастар қоғамдық кеңесі құрылды

256
0
Бөлісу:

 Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың әлеуетін жүзеге асыру және дамыту үшін жағдай жасауға, қоғамдық өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Осы орайда Елбасы бастама­ларының іске асырылуына ба­қылау жүргізу мақсатында Жас­тар қоғамдық кеңесі құрылып, «Нұр Отан» партиясының ұйым­дастыруымен аталған кеңестің бірінші отырысы өтті.
Қоғамдық кеңесті Мәжіліс депутаты, жастарды қолдау жө­нін­дегі партия кураторы Бақтияр Мәкен басқарады. Кеңестің құрамына Мәжіліс депутаттары Нұржан Әлтаев, Әлия Сапарова, Геннадий Шиповских, Бақытгүл Хаменова, Taiburyl ҚБ Қамқор­шылық кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов, Ұлттық еріктілер желі­сінің басшысы Вера Ким, жур­налист, блогер Өркен Кенже­бек және өзге де қоғамдық пікір көш­басшылары мен жастар ұйым­­­дарының жетекшілері кірді.
Кездесуде Жастар қоғамдық кеңесінің жұмысы жайында баян­даған партия хатшысы Фархад Қуанғанов жаңа қоғам­дық бірлестіктің қызметі тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, қоғамдық сананы модернизациялау, талантты қолдау және өзін-өзі жү­зеге асыру секілді бес негізгі бағытта жүретінін айтты.
Басқосу барысында Мәжіліс депутаты, жастарды қолдау жө­ніндегі партия кураторы Бақтияр Мәкен бюджеттен Жастар жылын өткізу үшін үлкен сома бөлінгенін айта келе, бұл ақша жұмыспен қамту, тұрғын үй, білім беру және т.б. мәселелерді шешуге бағыт­талатынын жет­кізді. Ал Әлеу­меттік даму вице-министрі Сергей Коновалов жастардың өмір сапасын жақ­сарту үшін тиісті іс-шаралар атқарылатынын тілге тиек етті. Өз кезегінде Білім және ғылым вице-министрі Талғат Есенқұлов Мемлекет басшысының «Жас маман» мем­лекеттік бағдар­ламасын жүзеге асыру жұмысына тоқталды.
Жиын соңында Жастар жы­лында өткізілетін негізгі іс-шара­лар жарияланды. Жыл қоры­тын­дысы Президент жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында талқыланады.
Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу: