Қартайғанда қарап отырмайды

252
0
Бөлісу:

Ақтөбеде қариялар үшін арнайы орталық ашылды. Ән айтып, тоқыма тоқумен, спортпен шұғылданамын деген кез келген зейнеткер уақытын тиімді өткізе алады. Белсенді өмір сүру орталығы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы арқылы іске асты. 

Бұл жерге ойы бір арнаға то­ғысып, ашық пікір білдіруді қа­лайтын адамдар жиналады. Орта­лықта үйдегі тірлікті бір мезгіл ұмытып, қолөнермен айналысуға мүмкіндік жасалған. Ән айтып, шахмат ойнайды. Спортпен шұ­ғылданып, бас­сейнге түсуді қа­лайтын зейнеткерлер қаладағы спорт кешендеріне белгілі бір уақытта бара алады. «Нұр Отан» партиясының «Арда­герлерді ардақ­тайық» жобасы аясында іске асырылған орта­лықта тіл үйре­ніп, компьютерді меңгеруге болады. Құқықтық кеңес те беріледі.
«Жасым 80-нен асты. Меди­цина саласында ұзық уақыт жұ­мыс істеп, қазір демалыста жүр­мін. Жұмыс істеп, тыным тап­паған адам үшін бір мезетте үйде отыру денсаулыққа да зиян, пси­хо­логиялық тұрғыдан да қиын. Адамдар бір-бірімен ара­ласып, ішкі сырын айтса, көп­шілік ортасында жүрсе, ауру-сырқауын ұмытады. Біз үшін басқосу орны қажет еді. Мұны партия қолға алып, орталық ашып берді. Өзім домбырада, скрипкада ойнай­мын. Шахматты да жас кезімізде ермек еттік. Енді жұмыс деп мән бермеген істерді өзіміз үшін үй­реніп аламыз», – деді зейнеткер Серғазы Қорғанбеков.
Белсенді өмір сүру орталығы Ақтөбедегі Қазақстан халқы ассам­блеясы ғимаратында орна­ласқан. Орталықта алты секция бар. Олар: салауатты өмір салты, құқық және психология, қы­зығу­шылықтар бойынша клуб­тар, әңгімелесу және тіл үйрену клуб­тары, компьютерлік сауат­ты­лықты арттыру. Ор­талықтың ашы­луына «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе об­лыстық филиалы төра­ғасының орынбасары, аналар кеңесінің мүшесі, этно­мәдени бірлестік өкілдері, денсаулық сақтау, білім, спорт, мәдениет саласы ардагерлері, Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы, Ассамблея жа­нындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты. Партияның Ақтөбе облыстық филиалы төра­ғасы­ның орын­басары Нұрхан Ағниязов өз сөзінде аға буын­ның мол білімі мен бай тәжіри­бесі өскелең ұрпақ үшін әрқа­шан да үлгі-өнеге екенін атап өтті.
«Орталық ашудағы негізгі мақсат – егде жастағы адам­дардың денсаулығын шынық­тыру, қолдау және медициналық, психологиялық, құқықтық көмек көрсету. Олардың интеллек­туал­дық, шығармашылық қабі­лет­терін қоғамды дамытуға тиімді пайдалану», – деді ол.

Алтынай САҒЫНДЫҚОВА, Ақтөбе облысы

Бөлісу: