Азық-түлік белдеуін дамыту көзделді

399
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдар­ламасының Аграрлық сектор бағыты бойынша «Астананың азық-түлік белдеуін құру» тақырыбы аясында комиссия отырысы өтті.

Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев жетекшілік еткен жиынға Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың және басқа да салалық қауым­дастықтардың және кәсіподақ­тардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тиісті инфрақұрылымдарды қалып­тастыру, сақтау қоймаларымен қамтамасыз ету мәселелері талқы­ланып, отандық азық-түлік бел­деуін қалыптастырудағы өзекті мә­селелер төңірегінде Ауыл шаруа­шылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев, Мәжіліс депутаты Сергей Звольский, «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығының директоры ТөлеутайРахымбеков  баяндама жасады.
Айта кетейік, Астана қаласы­ның азық-түлік белдеуін қалыптас­тыру жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жол картасы Үкімет қаулысымен бекітілген болатын. 2018 жылдың 5 сәуірінде Елбасы тапсырмасымен Астананы отан­дық өнімдермен тұрақты қамта­ма­сыз ету мен нақты шараны әзірлеу тапсырылды. Осыған орай Үкімет­тің қаулысымен өткен жылдың 12 қарашасында Астана қаласы­ның азық-түлік белдеуін қалып­тастыру жөніндегі жол картасы өзектен­дірілді.
– Қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен, облыс әкімдерімен Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі жол картасын жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық ұйымдастырылды. Астана хал­қының азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне қажеттілігі ең төменгі норма бойынша шамамен 635 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі күні Астана қаласының азық-түлік белдеуі 12 түрлі өніммен толық қамтамасыз етілген, – дейді А.Қайратұлы.
Жиын соңында, Елорда тұр­ғындарын отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында азық-түлік белдеуі аймағында қажетті өндірісті құру, республиканың өзге өңірлерінен өнімдерді тұрақты түрде жеткізуге жағдай жасау, азық-түлік бағасын бір жүйеге келтіру, жылыжай мәсе­л­елері және Астананың сауда инфрақұрылымын дамыту және өзге де мәселелер бойынша мін­деттер қойылды.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу: