«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы ресейлік Андрей Аршавин бапкерлік қызметке кірісті (видео)

504
0
Бөлісу:

Алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы ресейлік Андрей Аршавин арнайы емтихан тапсырып, С категориялы бапкер лицензиясын иеленген.

Бұған дейін ол D категориясына ие екен. Осылайша, ол «Зенит» футбол клубының «Сириус» балалар жобасы аясында бапкерлік қызметіне кіріскен. Оның жасөспірім футболшыларды футболға баулып, ойнатып жатқаны туралы видео клубтың YouTube каналындағы парақшасында жарияланды.

«Сириус» жобасында Аршавиннің көмекшісі қызметін «Зениттің» тағы бір бұрынғы ойыншысы Владимир Быстров атқарады.

Еске салсақ, Аршавин «Қайрат» сапында үш маусым ойнап, алматылық клубтың ғана емес, ҚПЛ-дың да үздік ойыншыларының біріне айналған болатын.

Аршавиннің өзі – осы санкт-петербургтік клубтың тәрбиеленушісі. Ол кәсіби мансабының көп бөлігін «Зенит» сапында өткізді. Жалпы саны «Зенит» қатарында 283 матчқа қатысып, 57 гол соғыпты. Ресей құрамасымен бірге 2008 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін иеленіп, одан кейін іле-шала лондондық «Арсеналға» ауысып кетті.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: