Неймардың әкесі ұлының «Реалға» ауысатыны жайында пікір айтты

666
0
Бөлісу:

Бразилия құрамасы мен «ПСЖ»-ның шабуылшысы Неймардың қазіргі таңда мадридтік «Реалға» ауысатыны жайлы ақпарат тарауда. Бұған қатысты жақында футболшының әкесі пікір білдірген.

Футболшының әкесі бұл ақпаратты жоққа шығарған. Оның айтуынша, ұлының «ПСЖ» ойыншыларымен ешқандай түсініспеушілігі жоқ. Сондықтан ол карьерасын париждік клуб сапында жалғастыра береді.

«Ұлым «Барселонадан» Мессиге байланысты кеткен жоқ. Яғни, Неймар Мессидің көлеңкесінде қалып қойды деген қауесет шындыққа жанаспайды. Француздық клуб басшылығы Неймарға телефон шалған кезде біз оны есепке алдық. Ол мақсаты биік команда құрғысы келетінін, сол себепті оған жаңа жұлдыздар керек екенін айтты. Неймар «ПСЖ»-дан кетпейді және «Реалға» өтуді жоспарлап отырған жоқ» дейді ол.

Бұған дейін Неймардың француздық клуб сапынан кететіні жайлы бірқатар ақпараттар жария болған еді. Қазір футболшы жарақатынан айығу процесін өткеруде.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: