Жаңадан тағайындалған министрлер ант берді

1971
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен алғашқы отырыс өтті.

Жиында Премьер-министр ҚР Президенті Жарлығымен тағайындалған министрлерді таныстырды.
Жиынға тек ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Бердібек Сапарбаев қатыспады. Премьер оның әзірге Ақтөбеде екенін айтып, алдағы жиынға келетінін жеткізді.
Сондай-ақ Асқар Мамин Мемлекет басшысының үлкен сенім артып отырғанын айтты.
– Біз сол сенімді ақтауымыз қажет. Үкіметтің жаңа құрамы айқын нәтижелерге бағдар алған нақты істер Үкіметіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын жаңа сапалы деңгейге шығару, халықтың табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, тиімді жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірінші кезектегі міндеттерді қойып отыр. Осындай нақты шаралардың нәтижесінде халықтың әл-ауқатын арттыра аламыз, – деді Преьмер-министр.
Жиын барысында жаңадан тағайындалған министрлер халық пен Елбасына ант берді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: