Qazsport ТОП-5 чемпионаттың матчтарын көрсететін болды

705
0
Бөлісу:

Qazsport телеарнасы алдағы уақытта көрсетілетін трансляцияларға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы арнаның баспасөз қызметі ақпарат таратты.

«Qazsport телеарнасының көрермендері үшін Еуропадағы ТОП-5 чемпионаттың матчтары тікелей эфирде аптасына бір мәрте көрсетіледі. Сондай-ақ көрермендер 2-12 наурыз аралығында Красноярскіде өтетін XXIX қысқы Универсиаданы да тамашалай алады» деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар спорттық телеарна тікелей эфирде «Барыс-аренада» 29 сәуір – 5 мамыр аралығында болатын хоккей турнирін де көрермен назарына ұсынбақ. Бұл турнирде біздің құрама Венгрия, Беларусь, Оңтүстік Корея, Литва және Словения құрамаларына қарсы ойнайды. Телеарна кестесінде УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының матчтарының да көрсетілімі жалғаса бермек.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: