Дели-Алматы бағытындағы ұшақ Оман арқылы ұшты

347
0
Бөлісу:

«Эйр Астананың» Дели бағыты бойынша жоспарланған барлық рейстері Пәкістан әуе кеңістігінің жабылуына байланысты 2019 жылдың 1 наурызына дейін орындалмайды. «Эйр Астана» колл-центрі жолаушыларды тасымалдаудың барлық жолдарын шұғыл түрде қарастыруда, деп хабарлайды әуекомпанияның баспасөз қызметі.

Соның ішінде, форс-мажор жағдайларын реттейтін ИАТА ережелеріне сәйкес басқа әуе тасымалдаушылардың көмегімен тасымалдау да қарастырылуда.

27 ақпандағы КС908 Дели-Алматы рейсі қазіргі кезде Оман королдігінің астанасы Маскат әуежайы бағытында ұшты. Ол жерден отынды құйып, ары қарай Алматыға ұшып барады. Алматыға бүгін жергілікті уақыт бойынша 17:22 қонады деп күтуліде.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: