«Реал» соңғы үш күнде «Барселонадан» екі рет жеңілді (видео)

702
0
Бөлісу:

Испания чемпионатының 26 турында мадридтік «Реал» кәнігі қарсыластары «Барселонадан» 0:1 есебімен жеңілді.

«Сантьяго Бернабеуде» өткен кездесудің 26 минутында каталониялық клубтың жартылай қорғаушысы Иван Ракитич есеп ашқан. Осы есеп кездесу соңына дейін өзгерген жоқ. Бұған дейін қос команда бір ай бұрын кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан. Кейін Испания кубогының жартылай финалында жолығып «Барселона» мадридтік қарсыластарын 3:0 есебімен талқандап тастады.

Осыдан соң «Барселона» 60 ұпаймен турнир көшін бастады. Ал «Реал» 48 ұпаймен үшінші орында келе жатыр. Олардың арасында еншісінде 50 ұпайы бар «Атлетико» бар.

Ойын жайлы «Реалдың» бас бапкері Сантьяго Солари пікір білдірген.

«Бұл өте ауыр ойын болды. Біз әртүрлі схеманы қолдандық, оның бәрі бірдей нашар болған жоқ, бірақ гол соғу мүмкіндігі жетпей қала берді. Көшбасшыдан 12 ұпай қалып қою өте қиын жағдай. Бірақ «Реал» соңына дейін күресетін болады» дейді бас бапкер.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: