Футбол ережесіне елеулі өзгерістер енгізілді

706
0
Бөлісу:

Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі (IFAB) футбол ойынының ережесіне қатысты өзгерістер енгізді. Бұл туралы аталмыш қауымдастықтың ресми сайтында жарияланған.

Бірінші ереже қолмен ойнауға қатысты. Егер гол соққан футболшы допқа қолын әдейілеп жанастырмағанның өзінде бұл ереже бұзушылық болып саналады. Яғни, доп ойыншының қолына қалайда тимеу керек.

Екіншісі, алмастырылған ойыншы өзіне жақын алаң жиегінен сыртқа шығып кету керек. Қазір футболшылар өздерінің скамейкасы орналасқан алаң жиегі арқылы алмасады.

Үшіншісі, шабуылдаушы команданың футболшылары айып добын орындау кезінде қорғанушы командамен бірге қабырға жасамайды. Бұл ретте олар бөлек қабырға жасау керек.

Төртінші өзгеріс пенальтиге байланысты. Енді қақпашылар қақпа сызығында тек бір аяқпен ғана қозғалуға тура келеді.

Сонымен қатар сары және қызыл карточкалар бапкерлерге де көрсетіледі. Егер олар тәртіп сақтамай, басқа да ережелерді бұзатын болса онда төрешінің бапкерді қатаң жазалауына мүмкіндік бар. Ал ойын барысында доп байқаусызда төрешіге тиіп кететін болса онда ойын қайта басталады.

Аталған өзгерістер биыл жазда өз күшіне енбек.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: