«Qazsport» комментаторлар іздейді

740
0
Бөлісу:

«Qazsport» телеарнасы спорт комментаторларына кастинг жариялайды. 

Тіл дикциясы таза, сөздің анық болуын ескеретін,  дауысы жағымды, ойын  еркін жеткізе алатын азаматтар наурыз айының 15-16 жұлдызы күндері іріктеуге келе алады. Кастингтің мақсаты – телеарна комментаторларының қатарын жаңа есімдермен толықтыру. Өткен жылдардағы кастингтер барысында 500-ден аса үміткер тыңдалып, озып шыққан 46 комментатор қазір телеарнада жемісті еңбек етуде.

Наурыз айында өтетін 2019 жылдың алғашқы кастингінде іріктелетін комментаторлар:

  1. Футбол, баскетбол, хоккей, бокс, волейбол, ұлттық спорт және басқа да арнаның негізін құрайтын спорт түрлерін жетік меңгерген әмбебап;
  2. Жекелеген спорт түрлерін зерттеп жүрген;
  3. Қазақ немесе орыс тілдерінде  ойын еркін жеткізе алатын;
  4. Жасы 21-ге толған Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан таңдалады.

Кастинг 2019 жылы 15-16 наурыз күндері Астана қаласы, Мәскеу көшесі 33А, «Qazsport» телеарнасының ғимаратында өтеді.

Үміткерлердің  резюмелері  2019 жылдың 12 наурызы күні кешкі сағат 20:00 – ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru эл.поштасы арқылы қабылданады. Іріктеуге корпоративті электронды пошта немесе өзге адамдардың атынан жіберілген резюме иелері жіберілмейді.  «Qazsport»  телеарнасы кастингке қатысуға үмітті азаматтардан өз уақыттарын үнемдеу үшін тыңғылықты дайындалып, іріктеу жұмысына жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

 Үміткерлердің өздерімен бірге жеке құжаттары болуы шарт.

Әр үміткердің электронды поштасына кастингтің мерзімі көрсетілген шақырту хат жіберіледі.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: