Таразда 100 жасаған 11 кейуана тұрады

1320
0
Бөлісу:

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, «Казфосфат»  ЖШС өкілдерімен бірге  көне шаһардың 100 жасқа толған тұрғындары Бибіжаһан Абдулина, Фатима Алиева, Ольга Бодрова, Бота Тастамбекова секілді ғасыр жасаған аналарды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Аналарға қолдарына күміс білезік кигізіп, иықтарына оюмен көмкерілген камзол мен ақ жаулық жауып, тәттілер толы себет пен құшақ құшақ қызғалдар тарту етілді. Ал бүгінде облыс орталығында арамызда  ғасыр  жасаған 11 асыл ана тұрады. Мерек күні олардың барлығы да осындай марапаттарға ие болды.

Ерман Әбдиев,
Тараз қаласы

Бөлісу: