Аллегри «Ювентус» Чемпиондар лигасынан шығып қалса өкінбейтіндерін айтты

791
0
Бөлісу:

Туриндік «Ювентустің» бас бапкері Массимилиано Аллегри Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта кездесуі алдында пікірімен бөлісті.

Еске салсақ, алғашқы матчта «Ювентус» қонақта ойнап, мадридтік «Атлетикодан» 2:0 есебімен жеңілген еді. Аллегридің айтуынша, екі ойынның қорытындысы бойынша «Ювентустің» келесі турға өтпей қалуы – өкінішті жағдай саналмайды.

«Мен «Ювентуске» келгелі Чемпиондар лигасы біздің басты мақсатымыз болып келе жатыр. Бірақ келесі кезеңге өтпей қалсақ бұл ешқандай да сәтсіздік емес. Чемпиондар лигасының деңгейі өсті. Біздің ойынымыз да жақсы болып келе жатыр. Әрі қарай өтсек, бұл әрине, тамаша. Ал егер өте алмай қалсақ, онда келер жылы да бақ сынап көреміз. Биылдың өзінде біз екі трофей жеңіп үлгердік. Бұл ретте қалай ғана маусымды сәтсіз өтті дей аламыз» дейді Аллегри.

МАРСЕЛО «ЮВЕНТУСПЕН» КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Еске салсақ, жауапты кездесу 12 наурыз, сейсенбі күні өтеді. Италия чемпионатында клуб сенімді түрде көш бастап келе жатыр.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: