Гвардиола «Ювентуспен» келісімге келді

839
0
Бөлісу:

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола туриндік «Ювентусті» баптауға келісімін берді.

Италиялық клубтың өкілдері Гвардиолаға хабарласып, оған бас бапкерлік қызмет жайында ұсыныс білдірген. Тіпті бапкердің агентімен екі мәрте кездесу де ұйымдастырған. «Ювентустің» қазіргі бапкері Массимилиано Аллегри маусым аяқталған соң қызметінен кетуі мүмкін. Оның туриндік клубпен келісімшарты 2020 жылға дейін жасалған. Ал Гвардиоланың қазіргі клубымен жасасқан еңбек келісімі 2021 жылға дейін жарамды.

АЛЛЕГРИ «ЮВЕНТУС» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНАН ШЫҒЫП ҚАЛСА ӨКІНБЕЙТІНДЕРІН АЙТТЫ

«Гвардиоланың «Ювентуспен» төрт жылдық келісімшартқа келгенін білдім. Менің дерек көзім – Роналдудың «Ювентуске» өтетінін хабарлаған адам» дейді италиялық журналист Луиджи Гуэлпаның сөзін келтірген Calciomercato басылымы.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: