ЮНИСЕФ түркістандықтардың медициналық білімін жетілдіреді

968
0
Бөлісу:

13 наурызда Түркістанда облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының және БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу (БШАЫЖ) білім беру ресурстық орталығының ашылуы өтеді.

Дұрыс білім беретін мекемелерді құру – денсаулық сақтау жүйесіне қажетті, атап айтқанда, ана мен баланың денсаулығын қорғайтын медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің саны мен сапасын жақсартып қамтамасыз ету үшін маңызды.
Клиникалардың базасында оқу орталықтарын құру медициналық және әлеуметтік қызметкерлер үшін инновациялық білім беру ресурстарына қолжетімділікті арттырады, ал бұл өз кезегінде ауылдық және қалалық отбасылардағы балаларға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға әсер етеді. Халықтың қызмет көрсету сапасына деген қанағаттанушылығы мамандардың дайындық деңгейіне байланысты.


Орталық 2016-2019 жылдардағы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық сақтау» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүкті әйелдер мен балалары бар отбасыларға патронажды күтім жасаудың сапасын қолдауға бағытталған. Орталық кіші жастағы балалардың толық дамуы саласындағы ЮНИСЕФ пен ДДСҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес келетін озық білімі бар дәрігерлерді, патронажды медбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерді оқытып шығаруға қажетті құралдармен толықтай жабдықталған.
Орталықта ерте жастағы балаларды дамыту саласындағы кәсіби мамандар жұмыс істейді.
Ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі – Юрий Оксамитный, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бағдарламаларын жүргізетін департаменттердің басшылары мен өкілдері қатысады.

Айта кетейік мұндай тәсіл 2016-2017 жылдары Қызылорда қаласындағы екі емханада және Жаңақорған ауылында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ЮНИСЕФ-тің және Қызылорда облысының әкімшілігінің бірлескен күшімен сәтті жүзеге асырылды. 2018 жылдан бастап бұл модель Қызылорда облысының тәжірибесін ескере отырып, ел бойынша кеңейтілді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: