«Boeing 737 Max» ұшақтарына сенім жоғала бастады

255
0
Бөлісу:

Жексенбінің таңында Найробидегі Боле әуежайынан ұшқан «Boeing 737 Max» ұшағы апатқа ұшырады.

Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы ұшақ апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Осы қаралы сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Эфиопия халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Ұшақ бортында 149 адам және 8 экипаж мүшесі болған. Барлығы да оқиға орнында көз жұмды. Ұшақ «Ethiopian Airlines» әуекомпаниясына тиесілі.
«Boeing 737 Max» – жаңа модельді ұшақ. Қолданысқа берілгеннен бастап аталған маркалы ұшақтың осымен екіншісі апатқа ұшырады. Бұған дейін Индонезияда «Lion Air» әукомпаниясына тиесілі «Boeing 737 Max» ұшағы діттеген жеріне жете алмады. Осылай екі апаттың салдарынан 346 адам қаза болды. Әлемнің бірнеше жетекші әуекомпаниялары аталған маркалы ұшақты уақытша пайдалануды доғартты. Сарапшылардың айтуынша АҚШ-тың алпауыт компаниясы сенімнен айырылып, қаржылық қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстанда «Boeing 737 Max» ұшағы SCAT әуекомпаниясында бар және аталған ұшақпен бұған дейін ешқандай келеңсіз жағдайлар орын алмады.

Асқар Бек.

Бөлісу: