Баландин алтыннан жүлде жиды

89
0
Бөлісу:

Жүзуден олимпиада чемпионы қазақстандық Дмитрий Баландин Словенияда өтіп жатқан халықаралық турнирде төрт алтын медаль жеңіп алды.

Алдымен ол 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша көш алдына шықса, одан кейін 100 метрге жүзу және командалық сайыс бойынша алтын медаль еншіледі. Баландиннен бөлек әйелдер арасында Аделаида Пчелинцева (100 метр) күміс алса, Диана Назарова 50 метрге шалқалай жүзіп жарысудан үздік атанды. Тағы бір өкіліміз Анастасия Ревзванцева
200 метрге шалқалай жүзуден тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Сондай-ақ Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден күміс, Әділ Қасқабай 50 метрге еркін стилде жүзуден қола жүлдеге иелік етті. Дәл осы қашықтықта қазақсандық Александр Варакин ешкімді өзіне теңдестір­мейтінін анық дәлелдеді. Жалпы, қазақстандықтар сайыстың бірінші күнінде 11 медаль иеленіп үлгерді. Халықаралық жарыс Словенияның Крань қаласында өтіп жатыр. Бұл Токио олимпиадасына лицензия үлестіретін маңызды турнир саналады.

Абай АЙМАҒАМБЕТ

Бөлісу: