ГОЛОВКИН ҚАЙТА ОРАЛДЫ

89
0
Бөлісу:

Үш бірдей тұжырым бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин
(38-1-1, 34 КО) DAZN стримингтік сервисімен келісімшарт жасасқаннан кейін мәлімдеме жасады.

«Мен оралдым! DAZN-мен бірге менің карьерам­­ның жаңа кезеңін бастағаным үшін қуа­ныштымын» деп жазды ол Твиттердегі парақ­шасында.
Келісімшарт туралы ресми түрде 8 наурыз күні хабарланды. Үш жылдық келісімшарт бойынша қазақстандық боксшы алты жекпе-жек өткізеді. Сондай-ақ DAZN сервисі GGG Promotions компаниясының боксшылары үшін төрт бірдей бокс кешін ұйымдастырып беруге міндетті.
Әзірге Головкиннің шаршы алаңға оралу уақыты маусым айы деп айтылуда. Қарсыласының кім болатыны белгісіз. Дегенмен көпшілік мамандар орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраденің есімін жиі атап жатыр. Андраде осы уақытқа дейін 27 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
17 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал GGG қыркүйек айында мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін. Альварестің де DAZN сервисінің тұтынушысы екенін ескерер болсақ, онда көпшілік тағатсыздана күткен триологияның жүзеге асу мүмкіндігі өте жоғары. Бұл ретте «Канело» алдымен 4 мамыр күні америкалық Дэниэль Джейкобсты жеңіп алуы керек. Бірақ америкалық боксшы да оңай беріле салатын боксшылардың қатарынан емес.
Инсайдер Майк Коппинджердің айтуынша, Головкин мен DAZN арасындағы келісімшарт құны 100 млн доллардан асып түседі екен. Ал GGG әр жекпе-жегі үшін бұдан былай 100 млн доллар алып отырады.

Абай АЙМАҒАМБЕТ

Бөлісу: