КЕШ ҚАЛМАЙЫҚ!

123
0
Бөлісу:

Қазір қала, ауыл, көше, жер-су атауларын жаңалаудың дер кезі! Өйткені Елбасы: «…2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен шығара бастауға тиіспіз» деген еді. Биыл бұл жұмыстар басталып кетті. 

Қалалар мен кенттердегі көше атауларынан қазақы иіс шыға бастады. Дегенмен қай­таланатын, тіпті атауы жоқ жүздеген көше де бар екені рас. Елімізде әлі күнге дейін про­ле­тариат көсемі Ленин есімін, Октябрь, Советті иеленген көшелер жеткілікті. Ресми деректерге сенсек, Қостанай­дағы көшелердің – 15 пайызы, Петропавлдың – 12 пайызы, Өскеменнің – 18 пайызы ғана қазақшаланған. Мұндай жағ­дай, шынын айталық, қазақ­шы­лығымызға сын.
1937 жылы Сталинге жаз­ған құпия хаттарының бірінде репрессияға ұшырағандардың санын тағы 1 600 адамға көбей­туге рұқсат, Алаш арыстарын атуға қосымша квота сұратқан Мирзоян аты да құрдымға кетер емес. Сонымен бірге, жер-су аттары да кеңес дәуірі кезінде өзгерістерге ұшырады. Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов: «Біздің қазақ – жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген. Қайда, қандай өлкеге барсаң да жер, су, жаһан дүзде кездескен кішкентай бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады» деген. Олай болса ескі атауларды орнымен қолдануымыз керек! «Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан ұлан-байтақ қазақ даласында 220 мыңға жуық өзен-көл, тау-тас атауы бар екен. Осыншама атаудың әрбірінің бойында қадым замандардан бері шертілмей келе жатқан сыр бар. Олардың шығу-тегі мен пайда болуын, мағынасын, құрылымның дамуын, қазіргі жағдайын, жазылуын және екінші тілде берілуін зерттейтін ғылым топо­нимика деп аталады» деп жазады мassaget.kz сайты. Осы саны жазылған өзен-көл, тау-тастың бірсыпырасы да көне атауына ие болуды «күтуде».
«Қарағанды қаласында Бұқар жырау көшесінің бо­йын­да орналасқан күн көсемі Лениннің ескерткіші алынып тасталғанда коммунистер: «Ленин ескерткішін бұзбай­сыңдар, сендер бізді қорлап жатсыңдар, біздің намы­сы­мызды таптап жатсыңдар!» деп жар салған еді. Осыдан кейін ойға қалған қалалық әкім­дік пен маслихат депутат­тары бұл мәселені жылы жауып қоймай, ескерткішті қала шетіндегі Ленин кинотеатры­ның артына орналастырып еді. Оған да сәл де қуанысты арқа­ның қазақы жұрты» деп жазды мемлекеттік тілді дамыту инс­ти­туты сайтының тілшісі.
Ескерткішті алғызып тас­та­ған­мен Ленин, Язев, Лобода секілді орыстың есімі берілген көше­лер сол беті тұр, бұл қара­ған­дылықтар үшін айтыла-айтыла жауыр болған мәселе.
«Қазақ қоғамында талай уақы­ттан бері талқыға салын­ған Павлодар мен Петропавл қалаларына тарихи атауын қайтару жөніндегі мәселеге қашан шындап кірісеміз? Қа­зірдің өзінде отандастары­мыз­дың көбі Кереку, Қызыл­жар деп атауға машықтанған. Міне, осы күрмеуі қиын түйт­кіл­ге қайта оралған Мәжіліс депу­таты Нұрғали Әшім Пав­ло­дар мен Петропавл қала­ла­рының атын ауыстыру кезек күттір­мей­тін мәселе екендігін алға тартты. «Халықты толған­ды­ратын мәселенің бірі – оно­мас­тика. Тәуелсіз елімізде отар­­­­­шылдық қалдықтары қа­шан жойылады?» деді. Бір айта кетерлігі, бұл екі өңірде қоныс тепкендердің көбі – басқа ұлт өкілдері. Ал қаланың атын ауыс­тыру үшін тұрғындардың елу пайыздан астамы қолдап, да­уыс беруі қажет екен. Шын­туай­­тына келгенде, әзірге екі қа­ланың да халқы Павлодарды – Кереку, Петропавлды – Қы­зыл­­жар деп өзгертуге құ­лық­­сыздық танытуда» деп Абай.кз порталы жазғалы да же­­ті жыл­дың бағдары болған екен. «Баяғы жартас, сол жартас» …
Тәуелсіздік алғанымызға да жиырма сегіз жылдың бағ­дары болды. Үлкен істер қолға алынып, талай бағдар­лама жасалды. Біреуі қисынды, бірі қисынға симай жатты. Көңіл­ге жаққан ілкімді іс – латын графикасына көшу деп айтсақ, қателеспес едік. Кирилли­ца­мен қоштасқанда талапқа сай қыр­уар қаржы бөлініп, барлық атау латын қарпінде жазылады. Міне, соны пайдаланып қа­луы­­мыз керек-ақ! Әйтпесе, бұр­маланған немесе отарлау­шы мемлекет қойып кеткен ат­тардан арылуымыз екіта­лай…

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

 

Бөлісу: