Теменов тұлғасы

132
0
Бөлісу:

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада театр және киноре­жис­сер, профессор, Қ.Қуа­­нышбаев атындағы Мемлекеттік академия­лық қазақ музыкалық драма театрының көр­кем­дік жетекшісі Талғат Теме­нов­тың «ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ» атты жаңа фотоаль­бо­мы­ның тұсаукесері өтті. 

Аталмыш кітап «Өнер» бас­па­­сынан «Қазақ өнерінің қай­рат­керлері» айдарымен жарық көріп отыр. Естеріңізге сала кетсек, бұл сериямен осы­ған дейін бірқатар өнер адамдары­ның фотоальбомдары шыққан болатын. Фотокітапта көрнекті тұл­ғаның өмір белес­тері толық қам­тылған. Кітап бірнеше бө­лім­дерден тұрады: te.
Талғат Теменов өзінің сах­на­­лық ізденістерімен бірге ки­но өнеріне де ден қойды. Театр және кино өнеріндегі күр­делі ізденістерін қазір жаңа ке­зеңдерге сай жалғастырып ке­леді. Теменов – театр және ки­но­режиссері, кинодра­ма­тург, өнертану профессоры, Қа­зақ­стан­ның халық артисі, Па­расат, Құрмет ордендерінің иегері.
«Менің жұмысым ол – ме­нің шығармашылығым. Осы жылдың соңында «Таныс та бей­таныс тұлғалар» атты жаңа фотоальбомымды шығарсам деймін. Бұл жерде творчество­лық портреттер болады. Яғни, тек қана шығармашылықпен айналысатын тұлғалардың пор­треттері беріледі. Олардың ара­сын­да Әшірбек Сығай, Қасым Жәкібаев және т.б бар» дейді театр және кино режис­серы Талғат Теменов.
Айша ЕРСҰЛТАН

 

Бөлісу: