ҚАЗАҚ ӨНЕРІНЕ ТАҢДАЙ ҚАҚТЫ

122
0
Бөлісу:

Франция аспанында қазақ әндері әуелеп, жер­гі­лік­ті көрермен ұлттық мә­де­ниетімізбен танысып, су­сындады. Франция мен Мо­накода «Ұлы даланың же­ті қыры» атты концерттік тур көпшілік көңілінен шық­ты.

Концерт ұйымдастырушысы Гүлмира Байқошқарованың айтуынша, басты мақсат – ұлт­тық мәдени мұрамызды Еуропа елдеріне таныстыру, насихаттау.
– Президентіміз жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» идея­сы аясында ән-күйімізді, салт-дәстүрімізді көрсеткіміз келді. Оны анимация және гра­фика тілімен жеткіздік. Сон­дай-ақ талантты жас орын­дау­шылары­мыз­ды да алып кел­дік, – дейді ұйымдастырушы.
Концертті жергілікті тұрғын­дар­мен қатар сол жақтағы қан­дас­тарымыз да келіп тамаша­ла­ған. Бұл орайда «Тұран» этно­фоль­­клорлық ансамблінің орын­дау­шысы Мақсат Медеубек былай дейді.
– Әрқашан еліміздің абы­ройы мен намысын асқақтат­қы­мыз келеді. Соны басты ұстаным етеді. Осындай гастрольдік сапар арқылы еуропалық тыңдарманды тәнті етіп, сол жақтағы өз қан­дас­тарымызды да қуантқымыз келе­ді. Алдағы уақытта да ұйым­дас­тырушылар Еуропада дәс­түрлі қазақ музыкасын наси­хаттауға құлшынып отыр, – дейді Мақсат Медеубек.

Абай АЙМАҒАМБЕТ

Бөлісу: