Әр сәбиде – несібе

128
0
Бөлісу:

Қазақстанда өткен кезеңде шамамен 2 миллиондай әйел жүктілігі және бала тууы, сондай-ақ бір жылға дейінгі бала күтімі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды.

Соның ішінде былтырғы 2018 жылы 250 мыңнан астам адам аталған қордан жалпы сомасы 96 миллиард теңге кө­ле­­мінде 1 жасқа толғанша бала күтімі үшін берілетін әлеуметтік төлемдер алыпты. Бұл ретте ол тө­лемдердің орташа айлық кө­лемі 32 мың 361 теңгені құрады.
«Ана мен баланы қолдау – еліміздің әлеуметтік саясаты­ның басты басымдығы болып отыр. Қазақстанда сәбилі болу­ды жоспарлаған отбасыларға кешен­ді әлеуметтік қолдау көр­­сетіледі. Еңбек кодексінде әйелдерге еңбек және отба­сы­лық міндеттемелерді қоса алып жүруге мүмкіндік беретін бір­қа­тар кепілдіктер қарастырыл­ған», – дейді Мемлекеттік әлеу­­­меттік сақтандыру қоры­ның президенті Алмас Құрманов.
Оның бірі жұмыс жасайтын әйелдерге жүктілігі және бала тууы бойынша берілетін еңбек демалысы болып есептеледі. Мұн­дай демалысты рәсім­де­ген­нен кейін болашақ ана МӘСҚ-тен жүктілігі және бала тууы немесе дүниеге жаңа ғана келген перзентті асырап алуы бойынша әлеуметтік төлем алу үшін жүгінеді. Бұл төлем бүкіл демалыс күндеріне бірден, бір рет төленеді.
Оның көлемі әйелдің жұ­мы­­сынан соңғы жылда МӘСҚ-ке әлеуметтік жарна төлен­ген табысына тікелей байланысты.
– 2018 жылы Қазақстанда 188 мың әйелге жүктілігі және бала тууы бойынша 69 мил­лиард теңге көлемінде әлеу­мет­тік төлемдер берілді. Өткен жыл қорытындысында мұндай төлемдердің орташа мөлшері 391 мың 170 теңгені құрады. Бала өмір есігін ашқаннан ке­йін бұған дейін жұмыс істе­ген-істемегеніне қарамас­тан, бар­лық әйелге бюджеттен бір рет­тік жәрдемақы да төленеді. Тарата айтсақ, бірінші, екінші және үшінші балаға – 95 мың 950 теңге, ал төртінші және одан көп балаға 159 мың 75 тең­ге беріледі, – деді Алмас Құрманов.

 Айхан ШӘРІП

Бөлісу: